Президент Н.Назарбаевтың кезекті кең ауқымды бастамасы қазақстандықтардың әл-ауқатын әрі қарай жақсарта түсуге бағытталған. Менің ойымша, бұл ауқымды әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға шамамыз жетеді – еліміздің экономикасы мығым және бекемделіп қалды.
Мемлекет басшысы өз бастамаларын наурыз айында жариялағандығы мені Ассамблея мүшесі ретінде ерекше қуантты. Өйткені 1995 жылдың дәл 1 наурызында елімізде ұлтаралық қарым-қатынастың үйлесімін қамтамасыз ететін бірегей институт – Қазақстан халқының Ассамблеясы құрылды. Енді ҚХА мүшелерінің халыққа айтар уәжі бар, көрнекті мысалдарымыз да жеткілікті.
Бұлардың барлығы қазақстандықтардың ертеңге деген сенімін нығайтады.
Валерий ВИШНИЧЕНКО, Қостанай облыстық қоғамдық кеңесінің хатшысы, ҚХА Кеңесінің мүшесі