• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Сәуір, 2018

Солтүстікте бүлдіршіндер ментальді арифметиканы меңгеріп жатыр

286 рет
көрсетілді

Бескөл кентінде «ISMA-Қазақстан» халықаралық ме­нтальді арифметика мек­тебі бөлімшесінің жұ­мыс істегеніне көп бо­ла қой­ған жоқ. Соған қара­мас­тан оның шәкірт­те­рі халықаралық олим­пи­ада­лардың жеңі­м­паздары, жүл­дегерлері қатарынан көрініп келеді. 

 

Филиал нұсқаушысы Бақыт Алда­бер­генованың айтуынша, ба­ла үшін ментальді ариф­ме­т­и­каның пайдасы өте зор. Тез есеп­теуге үйретеді, ес­те сақ­тау қабілетін дамытады. Ми­ды шы­нықтырып, жұ­мыс іс­теу бел­­сен­ділігін арт­ты­­ра­ды. Ой­ша са­­наудың артық­шы­­лық­та­рын се­зін­ген ата-аналар ұл-қыз­да­рының мен­тальді ариф­ме­ти­каның қыр-сыр­ларын үйре­нуі­не мүдделі.

Бақыттың шәкірттері екі жыл­­­дың ішінде үш, төрт таң­ба­лы сандар­ды ауызша есептеуде үз­дік нә­тижелер көр­сетіп, топ жарып жүр. Былтыр Алматыда өт­кен ха­лықаралық олим­пи­адаға 10 үміт­кер қатысып, 6-уы бірінші, 2-уі екінші, 1-уі үшінші орынды иеленді. Жу­ырда оңтүстік астанада ұйымдастырылған мәртебелі жа­рысқа 13 өренді үкілеп қос­қан болатын. Олардың арасын­да Есләмбек Жәнібек пен Сұл­тан Сансызбай бірінші, 6 оқу­шы екінші, 4 оқушы үшінші орын­нан көрінді. Ал Рахман Тұр­сын­құлов жазда Біріккен Араб Әмір­ліктерінің Дубай қаласында өте­тін әлемдік олим­пиадаға жолда­ма жеңіп алды.

Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан мемлекеттерінен 5-тен 16 жасқа дейінгі бір мыңнан астам бала келіп, өз білімдерін сарапқа сал­ды. Оқушыларымыз облыс на­мы­сын өз деңгейінде қорғап шық­ты, деді сөйлескенімізде Ба­қыт Ерікқызы. Ол бұл әдіс­те­мені балаларға төрт жас­тан бас­тап қолдануға болатынын, мен­­тальді арифметиканың қыр-сыр­­ла­рын сабақтан тыс кездерде мең­ге­ретінін, мұның өзі бір жағынан, бос уақыттарында пай­далы істермен айналысуға мүм­кіндік беретінін жет­кізді. Қа­зір мектепке келушілер он дең­­гейлі ауызша есептеудің үшінші к­езеңіне жаттығып жүр.

Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы,

Қызылжар ауданы