• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Білім 10 Сәуір, 2018

Дүниежүзі тарихы бойынша ҰБТ сұрақтары (10.04.2018)

7850 рет
көрсетілді

Ескерту: 1-20 сұрақ бір ғана жауабы дұрыс. Жалпы 20 балл, 21-30 сұрақ үш жауапқа дейін дұрыс, жалпы 20 балл.

1. Египетті ең алғаш біріктіруші патша:

A) Тутмос B) Рамзес C) Аменхотеп D) Менес E) Тутанхамон

2. Ежелгі Египет мектебі даярлаған маман:

A) Егіншілер B) Емшілер С) Мұғалімдер D) Абыздар Е) Перғауындар

3. Қытайдағы Цин империясының өмір сүрген жылдары:

А) 1661-1901 ж.ж. В) 1684-1913 ж.ж. С) 1683-1912 ж.ж. D) 1685-1911 ж.ж. Е) 1683-1911 ж.ж.

 

4. ХVІІ ғасырда араб елдері бағынышты болды:

А) Францияға В) Ресей империясына С) Осман империясына D) Испанияға E) Англияға

5. 1915 ж. Жапонияның Қытайға «21 талап» бойынша үстемдік жүргізе бастаған салаларының бірі:

A) көмір өндірісі B) әскери C) машина жасау D) құрылыс E) химия

6. ХХ ғ. 40-ж.ж. КСРО-ғы әлеуметтік-экономикалық өміріндегі өзгеріс:

A) Социалистік меншіктің орнауы аяқталды B) Жаппай лаңкестіктің орын алуы C) Салалық Министрліктер құрылды D) Карточкалық жүйе жойылды E) Тың игеру туралы шешім қабылданды

7. 1924-1932 ж.ж. Жапония елін басқарған партия:

A) Сэйюкай партиясы B)  Гоминдань партиясы C) Республикашылдар партиясы D) Либералдық партия E) Комэйто партиясы

8. Ежелгі Қосөзендегі алғашқы әдеби шығарма:

A) «Махабхарата» B) «Ваал және Алийян» C) «Рамаяна» D) «Синухэт әңгімесі» E) «Гильгамеш туралы дастан

9. АҚШ мемлекеті 1964-1973 жылдары соғыс жүргізген ел:

A) Ауғанстан B) Вьетнам C)  Қытай D)  Иран E)  Үндістан

10. «Әзiрбайжан Социалистiк Кеңестiк Республикасының үкiметi бiр жағынан, Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасының үкiметi екiншi жағынан, Әзiрбайжан мен Ресейдiң еңбекшi бұқарасының мақсаттары ортақ екендіктерін сезіне отырып, екi туысқан республиканың барлық күштерiн толық бiрiктiрудi ортақ жау – империалистiк буржуазияға қарсы ауыр күресте жеңіске жетуге мүмкіндік беретіндігін ескере отырып, осы келісімді жасауға шешім қабылдады, оны жасасып қол қою үшін мыналарды өкіл етіп тағайындады... (өкілдердің тізімі көрсетілген). Аталған өкілдіктер өздерінің өкiлдiктерiн өзара таныстырып, олар тиісті формаға сәйкес жасалған деп танылғаннан кейін мынаған келісті.

1. Әзiрбайжан мен Ресей өзара тығыз соғыс және қаржылық-экономикалық одақ құрды.

2. Әзiрбайжан Республикасының үкiметi мен РКФСР үкiметi қысқа мерзiм ішінде:

1) Әскери ұйымдар мен әскери басшылықты; 2) халық шаруашылығы мен сыртқы сауданы басқаратын органдарды; 3) жабдықтау органдарын; 4) темiржол және су көлiгi мен пошта-телеграф ведомостволарын; 5) қаржы ведомостволарын біріктіреді...».

Жоғарғы деректе көрсетілген Әзірбайжан мен Ресейдің өзара келісім жасаған мерзімін көрсетіңіз:

A) 1920 ж. B)  1918 ж. C)  1925 ж. D)  1936 ж. E) 1905 ж.

11. «(1) Жыл сайын төленетін жалақы:

a) осы актінің бірінші тізімінің бірінші бөлігінде көрсетілген Тәж министрлерінің әрқайсысына, оның жағдайын сақтай отырып, бес мың фунт стерлинг;

b) қаржы министрлігінің бас хатшысына және мемлекеттік министрлерге қазынаның бірінші лорды ретінде осындай сомдағы жылдық жалақы, бірақ қандай да бір жағдайда бес мың фунт стерлингтен жоғары болмайтындай;

c) қауымдар Палатасындағы көпшілік партияларда партиялық «қамшыға» (парламенттік партиялық ұйымдастырушыларға) жылына екі мың фунт стерлинг».

Мәтінде сипатталған Министрлер туралы актінің осы елде қабылданғанын анықтаңыз:

A) АҚШ B) Ұлыбритания C) Германия D) Италия E) Франция

12. Рим империясы бөлінген соң Шығыс империяға қараған ел:

A) Ассирия B)  Италия C) Франция D) Македония E)  Сирия

13. Батыс Рим империясындағы шіркеу басшысы:

A) поп B) патриарх C) папа D) епископ E)  аббат

14. Эфталит мемлекетінде сауда қолөнер орталығы болған қалалар:

A) Бұхара, Мерв B) Герат, Самарқан C) Сейстан, Гандхар D) Үргенш, Термез E) Лахор, Нишапур

15. 1453 жылы Жүз жылдық соғыста француздар жеңіске жеткен жер:

A) Пуатье маңында B) Компьен түбінде C) Орлеан қаласында D) Азенкур маңында E) Бордо түбегінде

16. ІХ-Х ғасырлардағы феодалдық құрылыстың ең басты ерекшілігі:

A) Тұрақты әскерлердің құрылуы B) Отарлар иелену C) Сауданың дамуы D) Өндіргіш кұштердің дамуы E) Жердің негізгі байланысқа айналуы

17. Англияда 1974-1979 ж.ж. «баға мен кіріс саясатын» қабылдауға мәжбүр болған үкімет жетекшісі:

A) Г.Вильсон B) У.Черчиль C) К.Эттли D) А.Иден E) Г.Макмиллан

18. 1939 жылы 30 қарашада кеңес әскерінің соғыс әрекеті бағыттаған ел:

A) Норвегия B) Финляндия C) Дания D) Франция E) Англия

19. «Бүгінгі таңда халық-азаттық соғысы, негізінен, жеңіске жетті, еліміздің халқының басым көпшілігі азат етілді. Осының негізінде Қытайдың халықтық саяси консультативтік конференциясы шақырылған болатын. Оның жұмысына барлық демократиялық партиялар мен топтардың, Халық-азаттық армиясының, әртүрлі аудандардың, ұлттық топтардың, шетелдерде тұратын қытайлықтардың және бүкіл еліміздегі патриоттық демократиялық элементтердің делегаттары қатысты. Бүкіл ел халқының еркін білдіре отырып, Қытайдың халықтық саяси консультативтік конференциясы Қытай Халық Республикасының Орталық Халық үкіметінің негізгі заңын бекітті. Қытай Халық Республикасын жариялады, Пекин Қытай Халық Республикасының астанасы болады деп шешім қабылдады...».

Мәтін бойынша Қытай Халық Республикасы құрылған уақытты анықтаңыз:

A) 1947 ж. B) 1949 ж. C) 1950 ж. D) 1951 ж. E) 1948 ж.

20. 1950 жылы Үндістанның үкімет басшысы болған қайраткер:

A) М.Ганди B) И.Ганди C) Р.Ганди D) Д.Неру E) В.Сингх

21. 1884-1885 жылдары Африкада пайда болған герман отар(-ы,-лары):

A) Того B) Алтын жағалау C) Анголо D) Марокко E) Ливия F) Конго G) Египет H) Камерун

22. 1792-1796 ж.ж. АҚШ-қа қосылған штат(-тар):

A) Огайо B) Аризона C) Техас D) Юта E) Теннеси F) Невада G) Кентукки H) Флорида

23. Ежелгі Египет перғауын(дар)ы:

A) Аменхотеп B)  Евтидем C)  Хаммурапи D)  Рамзес E) Кир F)  Тутмос G) Астиаг H)  Дарий

24. 1920 жылы Франция өз протектораттығын орнатқан ел(-дер):

A) Сирия B) Палестина C) Ливан D) Эфиопия E) Пәкістан F) Түркия G) Египет H) Ирак

25. «Русская правда» заңына қатысты дерек(-тер):

A) шаруалар мүддесі үшін қолданды B) ағайынды Ярославичтер жасады C) 1082 жылы жасады D) Иван Калита қабылдады E) сауданы күшейту мақсатында қолданды F) кінәз мүддесін қорғауға жасалды G) діни жоралар үшін қолданды H) 1072 жылы жасады

26.Ахейлік қала-мемлекет(-тер):

A) Мемфис B) Фивы C) Микены D) Тушпа E) Ашшур F) Тиринф G) Пилос H) Вавилон

27. Ярослав Мудрый тұсындағы қоғамдық өміріндегі жаңалық(-тар):

A) Балқан түбегін жаулап алды B) Университет ашылды C) Жаңа дін қабылданды D) Сәулет өнері дамыды E) Жаңа алфавит қабылданды F) Монастырьларда мектептер ашылды G) Киевті жаулап алды H) София соборы салынды

28. 1898 жылғы келісім бойынша Қытайдың Ресейге жалға берген иеліктері:

A) Сары теңіз жағалауындағы жерлер B) Порт-Артур C) Цзяочжау бухтасы D) Шығыс темір жол торабы E) Гуанжоувань бухтасы F) Шаньдун G) Циндао порты H) Ляодун

29. 1950-1960 жылдары тоталитарлық социализмге қарсы көтеріліс болған елдер:

A) Польша B) ГДР C) Румыния D) КСРО E) Венгрия F) Моңғолия G) Албания H) Қытай

30. Франциядағы «дирижешілдер» идеясының мақсат(-тар)ы:

A) фашизмді қолдау B) социализмді қолдау C) «Бонпартизмді» қолдау D) шіркеуді мемлекеттен бөлу E) тоталитарлық жүйені орнату F) экономиканы мемлекет арқылы реттеу G) кәсіподақтарды жою H) ұлы империя құру

Құрастырушы: Республикалық «KAZBILIM» орталығы

© Авторлық құқық толығымен сақталған

Байланыс нөмірі: +7 776 4318008