• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Үкімет 10 Сәуір, 2018

Үкімет басшысы жатақханалар құрылысын кеңейтуді тапсырды

249 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет отырысында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мәселесін қарау барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ұлттық экономика, инвестициялар және даму, денсаулық сақтау министрлері, сондай-ақ бірқатар облыстардың әкімдері МЖӘ дамыту туралы баяндады.

Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысы МЖӘ тетіктерін қолдану саласын кеңейтуге үлкен мән беріп отырғанын атап өтті. Үкімет тарапынан барлық қажетті шешімдер қабылданып жатыр және МЖӘ саласындағы заңнаманы өзгерту жөніндегі мәселелер уақытылы қаралуда.

«Бүгінгі басты мәселе – Президенттің 5 әлеуметтік бастамасын іске асыру аясында МЖӘ негізінде студенттерге арналған жатақханалар салу. Өңірлердің әкімдері аталған мәселеге баса назар аударуы керек», — деді Бақытжан Сағынтаев.

МЖӘ жобаларының 75%-ке жуығы әлеуметтік салаға тиесілі. Бұл — білім беру және денсаулық сақтау нысандары. Оларды жүзеге асыру мемлекетке бюджетті жеңілдетуде үлкен көмек береді.

Бұдан өзге, Б. Сағынтаев тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында МЖӘ тетіктерін енгізу бойынша алғашқы қадамдар жасалып жатқанын атап өтті. Осыған байланысты инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбекке МЖӘ шеңберінде жүзеге асырылатын барлық жобаларды мұқият қарау тапсырылды.

Бақылау жұмыстары Премьер-Министрдің орынбасары Е. Досаевқа жүктеледі.