• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Сәуір, 2018

Елбасы үндеуіне қатысты германиялық сарапшылар тарапынан оң пікірлер айтылуда - Болат Нүсіпов

243 рет
көрсетілді

Көптеген шетелдік саясатшылар мен сарапшылардың пікірінше, бұл Үндеу елдің тәуел­сіздік алғаннан бері еселеп артқан мүмкіндіктерін, экономикалық және әлеуметтік ілгерілеу жо­лын­дағы нық қадам екендігіне сен­діреді және мұндағы тарихи еңбек Тұңғыш Президенттің саралы стратегиялық басшылығына тиесілі. Мәселен, Парламент палата­ларының бірлескен отырысында жарияланған бастамалар халыққа аса қажетті әлеуметтік мәселелерді қамтуымен құнды.

Елбасы өз Үндеуінде ұсы­ныл­­ған бес бастаманың әрбірі қазақ­стан­дықтардың әл-ауқатын жақсартуға арналған жан-жақты қарастырыл­ған бағдарлама еке­нін айтып өтті. Расында бұл бас­тамалар жүйелік сипатқа ие, орын­дау мерзімі анық, іске асыру механизмдері нақты көр­сетілген. Дәл осы себептерге бай­ланыс­ты Мемлекет басшысының әлеу­меттік саясатын көптеген шетел­дік саясаткерлер мен қоғам қай­рат­керлері жылы қабылдауда.  Атап айтсақ, «ОНВ» неміс ком­­паниясы бақылау кеңесі­нің төрайымы Криста Фухс: «Пре­зидент Нұрсұлтан Назарбаевтың бес бастамасына қатысты: «Қазақ­стан дұрыс бағытта келеді және осы жолдан таймасын дегім келеді», – деп мәлімдеді. Сондай-ақ Мемлекет басшысының Үн­деуін ГФР Бундестагының депутаты Карин Штренц те жоғары бағалап «Президенттің бес бас­тамасын жүзеге асыру арқылы» халықтың әл-ауқаты арта түседі деген пікір білдірді. 

Елбасының әлеуметтік бас­тама­ларын неміс іскер топтары мен сарапшылар қауымдастығы да оң қабыл­дады. Соның ішінде неміс экономикасы Шығыс коми­тетінің басқарушы дирек­торы Михаэль Хармс жаңа бағдар­ламаны ел экономикасын ынта­лан­дыратын маңызды шара ретін­де қарастырады. Оның ойын­ша, бұл бастамалар Қазақстан мен Германия арасындағы эконо­ми­калық қарым-қатынасқа жақ­сы әсер етуі мүмкін. Неміс биз­несі Қазақстанның тұрғын үй құры­лысын дамыту, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, сон­дай-ақ елдің оңтүстігінен Ас­танаға дейін газ құбырын тар­ту жөніндегі Қазақстанның жос­пар­лаған қадамдарынан екі­жақты сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстар­ды арттыруға арналған әлеуетті көріп, оны қызығушылықпен қабылдады.

Осыған ұқсас көзқарасты неміс ғалымдары мен шолушы­лары Алек­сандр Рар, Урс Ункауф, Матиас Дорн­фельд және т.б. да ұстануда. Олардың ай­туын­­ша, жүйелі реформалар тұ­жы­­рым­дамасын жүзеге асыру экономиканың одан әрі дамуы мен Қазақстан халқының жұмыспен қамтылуын арттыруға серпін береді. Бұл өз кезегінде елдің аймақтағы, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі орнын нығайта түседі. Экономика­лық аспектілерге қоса, неміс сарапшылары Президент бас­та­маларын жүзеге асырудың зор әлеуметтік әсерін баса айтты. Олар­дың пікірінше, бұл Қазақстан азамат­тарының өмір сүру деңгейін, соның ішінде халық­тың тұрмысы төмен және орташа топтарының әл-ауқатын арттыратыны сөзсіз және қоғам­дағы әлеуметтік әділеттілік қа­ғи­даларының орнығуына, сон­дай-ақ әлеуметтік бірлік пен тұ­рақ­­ты­лықтың нығаюына ықпал етеді.

Германия сияқты өндірісі дамы­ған мемлекетте бола тұра, неміс әріптестердің Үндеу­де айтыл­ғандарға қатыс­ты объек­тивті пікірөлері Пре­зи­­дент бас­тамаларының жаһан­дық мәнін түсінудің көрінісі екен­дігі анық. Қазіргі таңда ша­мамен бар­­лық мемлекет әлеу­мет­тік мәселе­лердің шие­ле­нісуін азай­тудың жолдарын қарас­­тыру­да, алайда тіпті әле­уе­тті мем­лекет­тердің өзіне тиіс­ті шешім табу мүмкін бола бермейді.

Мәселен, 15 жыл бұрын қа­был­данған «Агенда-2010» эко­номи­калық бағдарламасының нәтижесі­не қарамастан, Герма­ния­дағы жұмыссыздық деңгейі 5,5% (2,385 млн адам). Бұл 1990 жылдан бергі ең төменгі көр­сет­кіш болса да, осы салада түйт­кілді мәселелердің әлі де бар екендігі айтылуда. Тұрмысы төмен және жұмыссыз азаматтарды қолдауға арналған «Хартц-IV» неміс мемлекеттік бағдарламасы төңірегіндегі пікірталас бірнеше ай бойы жалғасуда бір партия мұны жеткіліксіз деп санаса, бас­қалары, керісінше аталған бағ­дарлама аясында бөлінетін қар­жы өмір сүру үшін толықтай жет­кілікті деп есептейді. Жыл­жымайтын мүлік пен ипотека пайы­зының жоғарылауы неміс қоға­мын айтарлықтай алаң­­дату­да, осының салдарынан көп­ші­лік­тің, әсіресе жас отба­сы­лар­дың қалталары баспана алуды көтермейтін болды.

 «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» бағдарламасының маңыздылығын ескере отырып, Қазақстанның ГФР-дағы елшілігі өз құзыреті аясында еліміздің дамуы үшін бұл бағдарламаны жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде. Бұл ретте инвестиция тарту, шағын және орта бизнес субъек­тілері арасын­да екіжақты байланысты дамыту, екі ел арасындағы ЖОО-мен ынтымақтастықты ке­ңейту, Қазақ­стан студенттерінің Гер­­ма­­ния­да білім алуына көмек кө­р­сету мәселелеріне баса мән берілуде. 

Мемлекет басшысы Үндеуіне қатысты германиялық сарапшылар тарапынан оң пікірлер көптеп түсуде. Қазақстан Елбасының жетекшілігімен алдағы уақытта да елдің барлық азаматтарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арт­тыруға бағытталған тиім­ді әлеу­меттік бағыттағы саясаты­мен әлемге лайықты үлгі бола­тын­­дығы сөзсіз. Бұл тұрғы­да Еуро­одақ, Қазақстанның Гер­ма­ния Федеративтік Рес­пуб­лика­сын­дағы Германия көшбас­шы­лары­мен ынтымақтастықты кеңей­ту – біз үшін стратегиялық мәнге ие. 

Болат НҮСІПОВ, Қазақстанның Германиядағы Төтенше және өкілетті елшісі