• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Сәуір, 2018

Атырауда кәсіпкерлер форумы өтті

342 рет
көрсетілді

Мұнайлы аймақта бизнес климатты жақсарту бағытында қолға алынған шаралардың қата­ры көп. Соңғы бес жылда кәсіп­­кер­­лікті қолдауға облыстық бюд­­жет­тен 1 млрд теңгеден ас­там қар­жы қаралды. 

Әсіресе ауыл кәсіп­керлеріне қолдау көр­сету жұ­мыстарына айрықша мән берілуде. Облыстық кәсіп­кер­­лер фо­румында аймақ басшы­сы Нұрлан Ноғаев билік пен биз­нес ара­сы­ндағы байланыс жа­йын баян­дап, осындай мәлі­мет­тер­ді айтты. «Мемлекет басшы­сы кәсіп­керлікті дамытуға, шағын және орта бизнесті қол­дауға әр­дайым көңіл бөліп келе­ді. Мұн­дай кездесулер сала­дағы проблемаларды айқындап, кедергілерді жоюға мүмкіндік береді. Атырау облысы негізінен мұнай­лы өңір болғанымен, соң­ғы жылдары экономиканы әр­тарап­тандыру, ауыл шаруа­шы­лығы кешенін да­мыту, өнім өңдеу бойынша атқа­рылған жұ­мыс­тар жақсы нәтиже бере бас­тады», деді облыс әкімі. 

Мемлекеттік бағдарламалар аясында өз ісін бастаған ауыл тұрғындарының да саны артты. Алайда екінші деңгейлі банктер мен ауыл кәсіпкерлерінің серік­тес­ті­гінде әлі де күрмеулі жайттар кезд­еседі. Соның ішінде несие ал­ған кезде ауыл халқында ке­­піл­дік мүліктің жоқтығы неме­се та­лап­қа сай еместігі жиі про­б­ле­ма ту­ғызады. Осыны ескерген жер­­гілікті атқарушы би­лік ауыл биз­несін шағын несиелеу бағ­­дар­­ламасын енгізді. «Биз­нес Аймақ» деп аталған бұл бағ­­дар­­ла­ма бойынша 2017 жы­лы об­лыс­­­тық бюджеттен 350 млн тең­ге бө­­лініп, 67 жоба жү­зеге ас­ты, 123 жұмыс орны құ­рыл­ды. «Ал­тын кеме» бағ­дар­­ла­ма­сы 13 жо­баның жүзеге асып, 25 жұ­­мыс орнының ашы­луына мү­м­­кін­­дік берді. «Биз­нестің жол кар­­тасы-2020» бағ­дар­лама­сы бо­­йын­ша 1 543,5 млн теңге бө­лін­ді. Оған 312 жоба қар­­жы­­лан­ды­ры­лып, 1210 адам қыз­­метпен қамтылған.

Бизнес иелерінің басты проблемалары

Атырау облысы әкімдігі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті, облыстық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп ұйымдастырған форумға Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау бойынша өкіл Болат Палымбетов қатысты.

Соңғы екі жылда кәсіпкер­лер­дің құқықтарын қорғау жө­нін­де 12 420 өтініш түсті, со­ның ішінде Атырау облысы бойынша 378 өтініш келді. Осы про­б­ле­ма­лар­­дың 90 пайызы өңір­лік си­­пат­та екенін атап өткен жөн. Жер алу, құрылыс секілді жер­гі­­лік­ті деңгейде шешілуі тиіс мә­­­се­­ле­­лер, деді бизнес-омбудс­мен. Ком­­­­мер­циялық мақсатта жер те­­лі­­мін алу бизнес иелері үшін бас­­­­ты мәселенің бірі. Жер ко­дек­­сі бо­йынша жергілікті ат­қа­ру­­шы ор­г­­ан­дар интернет сайт­тар­да бас жос­­пардың сызбасын, елді ме­кен­­­дер­дің нақты жо­­балануы мен ин­­же­­нерлік ком­­му­­ни­ка­ция­ларды көр­­се­туге мін­детті. 2017 жылы ин­­­тер­­нет сайт­­тарда бас жос­пар­лар мен жо­ба­лау-сметалық құ­жат­­тар­дың 70%-ы жарияланған. Аты­­рау об­­­лы­­сында 16 құжаттың 8-і ға­на ин­тернетке шыққанын айт­­­­қан Болат Палымбетов жария­ла­­ным­­­­­дар кәсіпкерлерге түсінікті, қол­­­­же­­тімді болуы тиіс екенін ес­­кер­т­­ті. Осы мәселені шешу жо­­лын­­­­да жасалып жатқан жұ­мыс­­тар­­­ға тоқталған облыс әкімі Нұр­лан Ноғаев «Енді барлық мә­­селе элек­­трон­ды геопортал ар­қы­­лы ше­­­ші­­лед­і, жер телім­деріне қа­т­ыс­­­ты ша­р­алар да ашық болады», деді. 

Бизнестегі тағы бір өзекті про­блема кәсіпкерлікті субсидия­лау. «Бірқатар өңірлерде кәсіп­кер­лер балабақшалар мен ауыл шаруа­шылығын субсидиялау мә­се­лесін көтерді. Біз мемлекет-же­ке­меншік әріптестігі туралы айтып отырмыз, онда әр тарап қарым-қатынастарды дамытуға мүдделі. Өкінішке қарай, келісімшарттар мен атқарылған жұмыс туралы актілерге қол қоюға келгенде кәсіпкерлердің талабын орындаудан көбінесе негізсіз және кейде тіпті ойдан шығарылған себептерге байланысты бас тарту жиі кездесіп жатады. Кейбір субсидияларды беру туралы шешім қабылдайтын лауазымды тұлға оларды өз қалтасынан шығаратындай әсер қалдырады. Субсидияларды бөлу жөніндегі комиссия құрамына бизнес-қоғамдастық өкілдерін қосу қажет деп есептеймін», деді Болат Палымбетов. 

Мемлекет қолдауы кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейтеді

Атырау аймағында жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 43 мыңға жетті. Мемлекеттік қыз­мет істері және сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл агент­тігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орын­басары М.Кариев департамент­пен өткен жылы кәсіпкерлік субъек­ті­лерін қорғаумен байланыс­ты жұмыс сапасы 75 пайызға ар­тып, 53 кәсіпкердің құқығы қор­­ғал­­ғанын айтты. – 2016-2017 жыл­­дары кәсіпкерлердің қызме­тіне заңсыз араласу, құқықтарын бұзу­мен байланысты қозғалған қыл­­мыстық істер бойынша сот үкі­м­дері шығарылып, кінә­лі тұл­­ғалар қылмыстық жауап­кер­шілікке тартылды.

Департамент Атырау облыс­тық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, 6 мемлекеттік орган мен мекеменің қызметіне сыртқы талдау жұмыстарын жүргізіп, бірқатар кемшіліктер анықтады, – дейді М.Кариев. – Оның ішінде кәсіпкерлердің құқық­тарын шектейтін әрекеттер мен нормативтік құқықтық актілер де бар. 

Агенттіктің бастамасымен еліміздің барлық өңірінде, соның ішінде Атырауда да «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы іске асты. Қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді ғана емес, бизнестің ашық, әкімшілік кедергілерсіз дамуына мүмкіндік беретін қолайлы байланыс ретінде бұл жобаның маңызы жоғары. 

Облыстық кәсіпкерлер пала­та­сының басшысы Абдол­ла Ыды­рысов өткен жылы кә­сіп­кер­лер палатасына өңір кә­сіп­керлерінен 179 арыз түскенін, олардың 98-і кәсіпкерлердің мүддесіне сай шешімін тапқанын айтты. Былтыр республикалық деңгейдегі 5 әкімшілік кедергі және жергілікті деңгейдегі 9 тосқауыл анықталған. «Төртеуі оң шешімін тауып, үшеуі «Ата­мекен» ҰКП-ның проблема­лар туралы тізіліміне енгізіл­ді, бір мәселе Қазақстан Республи­ка­сын­ың Әкімшілік кодексіне өз­ге­рістер енгізу арқылы шешіл­ді», – деді А.Ыдырысов.

Мемлекеттік органдардағы кейбір қызметтерді автоматтандыру – сыбайлас жемқорлық тәуе­кел­дерін болдырмаудың се­нім­ді жолы. Осыған орай кә­сіп­керлер палатасының басшысы мем­лекеттік экологиялық са­рап­таманың қорытындысын шы­ғару, ауылшаруашылық дақыл­дарын бір түрден екіншісі­не ауыс­тыру үшін рұқсат беру, арнайы су­ды пайдалануға рұқсат беру, жер­дің мақсатты белгілерін өз­герту, ветеринарлық сертифи­кат беру секілді қызметтерді авто­мат­тандыру қажет екенін баса айтты. 

Бизнес жүргізуді жеңілдету мақсатында мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау аз емес. Атап айтқанда, жаппай тексерулер алдын ала бақылауға ауысты­рыл­ды, мемлекеттік орган­дар­дың басқару функция­лары 30%-ға қысқарды, кәсіпкерлерге қойы­латын талаптар 56%-ға азайды, тексеру мерзімі де 50%-ға қыс­қар­тылды. Мұның бәрі бизнестің берекесін арттыруға бағытталған қадамдар екені анық.

Бақытгүл БАБАШ, «Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ