• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Сәуір, 2018

Өскеменде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 14 монография жарық көрді

294 рет
көрсетілді

Өскемендегі Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Мәңгілік ел» залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген алғашқы 14 монографияның тұсаукесер рәсімі өтті. 

Шараның ашылу салтанатында сөз алған аталған оқу орнының ректоры Мұхтар Төлеген Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде   университет ғалымдары бес жылдың көлемінде «100 монография» сериясын шығаруды қолға алғанын атап өтті.

«Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарық көргеніне тура бір жыл толды. Бір жылдың ішінде С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті облыс әкімдігімен бірлесе отырып көптеген жұмыстар атқарды. Кешенді бағдарламаның бір жылдығына орай істелген жұмыстардың есебі ретінде 14 монографиялық еңбектің тұсауын кесіп отырмыз», - деген университет басшысы биыл тағы да 15 монография жарыққа шығатынын жеткізді.

Шараға облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Нелли Краснобаева да қатысып, жаңа оқулықтар мен монографиялар студенттердің білімін одан әрі жетілдіре түсетініне сенім білдіріп, бұл еңбектердің барлығы оқу үрдісінде пайдаланылуы керектігін тілге тиек етті.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН

Суретті түсірген Тілеубек ШАЯХМЕТ