• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Сәуір, 2018

Алматыда өткен қайырымдылық ша­расында іс­мер­лер винтаждан жеті түрлі көйлек тік­ті

503 рет
көрсетілді

Алматыда өткен Fashion Park Fes­ti­val ая­сын­дағы қайырымдылық ша­расында іс­мер­лер винтаждық мата­лардан жеті түрлі ерек­ше көйлек тік­ті. 

Мерекелік шараны ұй­ым­дас­ты­рушылар ісмерлерге маталар­ды өздерінің отбасылық қоржын­да­рынан шы­ғарған. Алматылық кәсіпкер Әлия Әбдібаитова бұл бастаманың төр­кі­ні ұлттық дәс­түрі­міз­ден тамыр алатындығын айтады. 

– Әрбір қазақтың шаңырағын­да, сөрелерде сақталған сыйлықтар болады. Әдетте бұлар: шапандар, орамал, кездеме маталар. Үйге келген қонақты құр қол шығармау дәстүрі әлмисақтан келе жатқан үрдіс. Дүние тапшы болған заманда мата сыйлау өзіндік валюталық сый болатын. Бұл әлі күнге дейін бар. Біздер осын­дай маталарды өз ісінің нағыз кә­сіпқойына бер­ген кезде қандай дү­ние туаты­нын көп­ші­лікке көр­се­тіп, өзіндік сынақ жасауға ше­­шім қабылдадық, – дейді шараны ұй­ым­дастырушылар. 

Ерекше сынақтың нәтижесінде та­маша киім үлгілері туып, зама­науи сән үлгілерінен де әдемі көй­лектер тігілді. Етегі жер сызған жол­барыс терілі көйлекті AWSM брен­дінің дизайнерлері жасады. Көз­дің жауын алған көк қысқа балақ пен ұлттық өрнектері бар свитшотты BRU бренді тікті. Ал Janellе үйде киіп жүретін күлгін түсті, барқыт жеңді халатымен көрінді. Жас дизайнердің бірі Diana Paukstyte үлесіне сарғыш жа­сыл түсті мата бұйырыпты. AR Selection брендінің дизайнерлері өзі­не сенімді бикештің бейнесін сән үлгісіне сыйдырған. Bahmali-дің гүлді кофтасы мен қызғылт түс­­ті жұқа бел­демшесі де роман­ти­ка­лық бикешке жараса кетті. Жи­нал­­ғандарға бәрінен бұрын Kiori брендінің нәзік майда гүлді көйлегі ұна­ды.  – Мен өз көйлегімді «кантри» сти­лін­де пішіп, жаға-жеңдеріне шіл­терден жел­біршек салдым. Мата­н­ың ұзындығы 4 метр, сапасы өте тамаша екен. Ескі мата деу­ге қимайсың. Мұндай кездеме­мен жұ­мыс істеген маған әдемі әсер сыйлады, – дейді Kiori брендінің авторы Гауһар Ахметова.

Сонымен көне маталардан ті­гі­лген көйлектер аукционда саты­лып, түскен қара­жат қайырым­ды­­лық қорларына ау­да­рыл­ды. Сән әлемінің мерекелік шара­сы­на қа­тысқандар ДОМ «Аутизмді же­­ңе­міз» жо­басы мен «Ашық әлем» ҚҚ тәр­бие­ле­нушілерінің өнерінен шына­йы лә­ззат ал­ды. Өмір сүруге құштар бүл­дір­шін­дер бұл мерекеге үлкен дайын­дық­пен келгені жиналғандарды толқытты. 

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ