• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Сәуір, 2018

Оңтүстікте шегірткемен күрес басталды

654 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысында үйірлі шегіртке тектес зиянкестерге қарсы химиялық күрес шаралары 350 мың гектар алқапта жүргізілмек.

Облыстық аумақтық инспекция басшысы Нұржан Кашкеновтің мәлімдеуінше, марокко шегірткесіне қарсы күрес шаралары 341 мың гектарда, азиялық шегірткеге қарсы 4,3 мың гектарда, итальяндық прус шегірткесіне қарсы 4,7 мың гектарда жүргізіледі.

«Биыл марокко шегірткесіне қарсы күрес шараларына 91 дана жерүсті бүріккіштері жұмылдырылмақ. Олар 184,4 мың гектарды залалсыздандыратын болады. Сондай-ақ, 6 дана АН-2 ұшақтарының көмегімен 137,6 мың гектарда химиялық өңдеу жұмыстарының жүргізілуі жоспарлануда. Облыстық аумақтық инспекция тарапынан өңдеу жұмыстарының сапалы жүргізілуін бақылауға, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге аудандар бойынша 50 инспектор және 19 автокөлік бөлінеді», – деді Нұржан Кашкенов Сарығаш ауданы Бірлік ауылдық округінде облыс əкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өткен семинар кеңесте.

Облыс әкімі зиянкестердің қанаты қатпай жатып, көзін жоймаса, бой бермей кетуі әбден мүмкін екенін ескерте келе, арнайы құрылған штаб жұмысын жандандыруды тапсырды. Бүгінде аудан, қалаларда 11 штаб құрылып, 43 су тасығыш техника мен пестицидтерді ерітуге қажетті 91 су көздері және 12 пестицидтерді уақытша сақтау қоймалары анықталған. Бұдан бөлек, 15 аэродром орны белгіленіп, 37 мың 500 дана белгі –қазықтар дайындылыпты.

Еркін ДОСЫМБАЙ,

Оңтүстік Қазақстан облысы