• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Сәуір, 2018

Шығыс Қазақстанда 3 ауылдың тарихи атауы қалпына келтіріледі

466 рет
көрсетілді

Азаттықтың алтын күрек желінің ескеніне 30 жылға жуықтаса да Шығыс Қазақстанда ономастика мәселесі әлі де күрделі қалпында қалып отыр. Әсіресе Зырян, Глубокое, Шемонаиха, Бородулиха аудандары мен Риддер, Өскемен қалаларында отаршылдықтың иісі аңқыған атаулардан көз сүрінеді. Десек те тасбақа ілбіңмен болса да бұрынғы, тарихи атаулары қайтарылып жатқан ауылдар да жоқ емес. 

Мәселен, жақында Өскеменде өткен облыстық қоғамдық кеңес отырысында Бородулиха ауданының екі, Ұлан ауданының бір ауылының атаулары ауыстырылатыны жайында айтылды. Бородулихадағы     Пролетарка ауылына Ақши, Вознесеновка ауылына Қызылтай, ал Ұлан ауданындағы ел аузында «17 шақырым» аталып келген ауылға Сарыөзек сынды тарихи атаулары қайта берілмек. Сонымен қатар Өскемендегі Карл Маркс даңғылы жуықта Қазыбек би есімімен аталатын болады. Бұл атау биылғы 2 наурызда  республикалық ономастикалық комиссияда бекітіліпті.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы