Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев өңірлердің экономикасын дамыту бойынша 2018 жылға арналған мақсатты индикаторларға қол жеткізу мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.
Кеңес барысында Астана әкімі Ә. Исекешев, Ақмола облысының әкімі М. Мырзалин және Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов ағымдағы жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар және экономика салаларын дамыту, индустрияландыру, технологиялық жаңғырту және цифрландыру жұмыстарын жүргізу, инвестициялар тарту және еңбек өнімділігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша 2018 жылға арналған жоспарлар туралы баяндады.
Елорданы дамыту тұрғысынан туризм, сауда, жаппай кәсіпкерлік, инвестициялар тарту және өнімді жұмыспен қамту, оның ішінде еңбек нарығының инфрақұрылымын жаңғырту және еңбекке жұмылдыру мәселелеріне баса назар аударылды.
Облыстардың жұмыстарының бағыттары АӨК-ті, туризмді, білім беру саласын, денсаулық сақтау саласын, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ индустрияландыру, өнімді жұмыспен қамту, қаржылық тұрақтылық, технологиялық жаңарту және экономиканы цифрландыру салаларына негізделген.
Кеңес барысында мәселелерді талқылауға ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, қаржы министрі Б. Сұлтанов, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова, инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Р. Скляр және ауыл шаруашылығы вице-министрі Г. Исаева қатысты.