• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Сәуір, 2018

«Bayan sulu 2018» байқауына қатысып жатқан келген қыз-келіншектер жалған дауыс жинаған

395 рет
көрсетілді

15 сәуір күні Ұлттық Ғашықтар күнінде халықтық дауыс берудің нәтижесінде осы заманның Баян сұлуының аты белгілі болуы тиіс еді. Алайда  ұйымдастырушылар «Bayan sulu 2018» байқауын 13 мамырға дейін ұзартуға мәжбүр болып отыр. Бас жүлдеден дәмелі арулар жеңімпаз атану үшін түрлі айла-шарғыларға барған. Осы мәселеге орай Алматыдағы Қазақстан баспасөз клубында бұқаралық ақпарат құралдары үшін мәлімдеме жасалынды.

 – «BAYAN SULU-2018» Халықтық бейне – Халық таңдауы» бастамасының ережесіне сәйкес, биыл 10 сәуірде дауыс беру нәтижелері қорытындылап, байқаудың ақтық кезеңіне қатысатын бес қыз-келіншек іріктелуі тиіс еді. Олардың ішінен бас жүлдегер – Тойота көлігіне ие болып, Баян Сұлу сауда белгісінің бетке ұстар тұлғасын таңдауымыз қажет болатын. Ақпараттық қауіпсіздік қызметі қатысушыларға берілген дауыстарды тексеру кезінде кейбір қыз-келіншектердің ережені бұзып жатқандығын анықтады. Үміткерлер дауыс жинаудың тыйым салынған әдістерін қолданған. Осыдан кейін ішкі тергеу жүргізіліп, оның нәтижесінде ашықтан-ашық қолдан жасап өсірілген дауыстар базасы анықталды. Нақтырақ айтқанда, mail.ru сервері арқылы арнайы робот бірқатар қатысушылардың профиліне әрбір 2 секунд сайын дауысты жинап өсіріп беріп отырған. 16 наурызда біздің мамандар mail.ru пошта сервері арқылы дауыс беретін модульді алып тастады, – дейді байқау ұйымдастырушылары.

Оған қоса, қазір Ақпараттық қауіпсіздік мамандары әртүрлі сайттар мен форумдарда ақылы тапсырмаларды жариялау арқылы дауыс жинаудың тыйым салынған әдістерін 50-ден аса қатысушы қолданып отырғанын анықтаған. Және дауыс берушілердің басым бөлігі шетел азаматтары болып табылады. Бұл «BAYAN SULU 2018» байқауының «Дауыс беруге тиісті жергілікті IP-адрестерден дауыс беретін Қазақстан Республикасының резиденттері ғана қатыса алады» деген 4.7 тармағын бұзу болып табылады. Сондай-ақ, осы ережелерде «Қатысушылардың рейтингін өсіру үшін адал емес әдістерді қолдануға тыйым салынады. Әділетсіз әдістерге арнайы сайттарда ақылы тапсырмаларды жариялау, бір компьютерден бірнеше аккаунттарды тіркеу және өзге де адал емес әрекеттер жатады» деген 4.3 тармағы қарастырылып қойғанын ескере отырып, ұйымдастырушылар байқау қатысушыларына Байқаудың осы ережелеріне сәйкес шаралар қабылдайды.

Ендігі жерде байқауға қатысушылар бұған келіспеген жағдайда, олардың аттары, скриншоттарды және дауыс берушілердің IP-адрестер базасын көрсетіле отырып, бүкіл материалдар ашық түрде жарияланатын болады.

Байқаудың әділ өтуіне мүдделі жандар қажет болған жағдайда, тыйым салынған дауыс жинау әдістерінің қолданылғанын айғақтайтын бүкіл дәлелдер, үміткерлердің аты-жөні, скриншоттар мен ақпараттар ашық жарияланады. Біз алақол тәсілдерден бас тартуға шақырамыз. Хакерлік бағдарламалар және боттар көмегімен жасанды жолмен жиналған дауыстардың барлығы анықталып, алынып тасталды. Қатысушылардың барлығын адал жолмен жеңіске жетуге шақырамыз, деп отыр7

«Дегенмен жобаның алғашқы күнінен бастап байқауға жұртшылық үлкен қызығушылық танытып отыр. www.halykbayansulu.kz сайтына миллионға жуық бірегей интернет-қолданушы кірген. 16 мыңнан аса адамнан өтінім түсті. Бүгінде таңда байқауға 2100-ден аса қыз-келіншек қатысуда. Байқау мерзімінің ұзартылуы әрі әрбір әдемі аруға бағын сынап көруге мүмкіндікті молайта түседі», – деді «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Марлен Абулғазинов.

20 ақпан күні еліміздің көрікті Баян сұлу бейнесін дәріптеуге лайықты қыз-келіншектері арасында онлайн арқылы халықтық дауыс беру байқауы басталғанын секе сала кетейік. «BAYAN SULU 2018» бірінші кезекте қазақ халқының дәстүрлерін насихаттауға бағытталған әлеуметтік маңызға ие жоба болғандықтан, басты қағидасы – айқындық және адалдық. Онлайн арқылы дауыс беру қорытындысы бойынша ақтық мәреге шыққан 5 қатысушының есімі 13 мамырда белгілі болмақ.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ