• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Сәуір, 2018

Профессор Саят Ыбырай мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

2213 рет
көрсетілді

11 сәуір күні Өскеменде Шығыс Қазақстан облыстық сотының аппеляциялық алқасы 12 жылға сотталған ғалым, профессор Саят Ыбырайды шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш қарап, оны қанағаттандыру туралы шешім шығарды. Бұл туралы Азаттыққа Саят Ыбырайдың адвокаты Абзал Құспан хабарлады.

- Қазір ғана соттан шықтық. Біздің өтінішіміз толық қанағаттандырылды. Семей қалалық сотының шешімі бұзылды. Бүгін үлгермейтін шығар. Ертең Саят Ыбырай шығуы керек, - деді ол Азаттық тілшісіне.

Адвокатының айтуынша, сот шешімі бүгіннен бастап күшіне енеді. Бұған дейін елдегі ғалымдар, қоғам қайраткерлері Саят Ыбырайды босату жөнінде Қазақстан президентіне бірнеше мәрте хат жазған. Саят Ыбырай 2011 жылы "қылмыстық топ құрды" деген айыппен 12 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ол 2011 жылы желтоқсанда сырттай Әлихан Бөкейхан атындағы сыйлыққа ие болған. 2013 жылы қазақстандық құқық қорғаушылардан құралған сарапшылар тобы Саят Ыбырайды елдегі "ар-ұждан тұтқындары" қатарына кіргізген.