• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Сәуір, 2018

Шығыста басқарма басшысы тағайындалды

759 рет
көрсетілді

Ұжымға жаңа басшыны Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов таныстырды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Аймақ басшысының өкімімен энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының лауазымына бұған дейін жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасын басқарған Мұрат Мұсатаев тағайындалды.

Мұрат Хабдылжаппарұлы 1963 жылы наурыздың 21-інде бұрынғы Семей облысы, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылынды дүниеге келді. 1991 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын, 1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебін бітірген. 2005 жылы Астрахан мемлекеттік техникалық университетін тәмамдады. Экономика ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын 1980 жылы Семейде «Промстой» ҚБ «Әсем» комсомол - жастар бригадасында балташы – бетоншы, содан кейін бірнеше жыл «Асыл-Инвест» ИЖҚ меңгеруші, Алматы қаласында Стратегиялық жоспарлау агенттігінің басқарманың бас маманы, бөлім басшысы және басшысы қызметтерін атқарды. 2002 жылы Астанада ҚР Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, 2007 жылы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, 2013 жылдан бастап ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып қызмет етті. Кейін Астана қаласындағы «Еуразия» ғылыми орталығын басқарды. Ал 2017 жылдың мамырынан ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымында болды.

«Мұрат Хабдылжаппарұлы тәжірибесі мол, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары маман. Еңбек жолында өзін тәртіпті және білікті қызметкер ретінде көрсетті. Бұл қызметінде табыстар тілейміз» – деді жаңа басшыны таныстырған Даниал Ахметов.

Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан»