Алматы мен Рига (Латвия) қалаларының арасында тікелей әуе рейсі ашылады, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.
«Қазақстан Республикасының авиация билігі «Air Baltic» әуе компаниясына шетелдік әуе тасымалдаушы аккредитациясы туралы куәлікті табыс етті. Осылайша, бекітілген кестеге сәйкес, «Air Baltic» осы жылдың 29 сәуірінен бастап Рига - Алматы бағыты бойынша аптасына үш рет ұшатын болады. Тұрақты әуе рейстері Bombardier CS300 ұшағымен орындады», - деп хабарлады комитет Фейсбуктегі парақшасында.