• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Сәуір, 2018

Қостанай облысында сакралды нысандар­дың тізбесі бекітілді

1084 рет
көрсетілді

«Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес, ең алдымен «Сакралды география» арнайы жобасын іске асыру шеңберінде сакралды нысандардың бірыңғай тізбесін жасау үшін тарихи-мәдени нысандар туралы ақпарат жүйеленді. 

 

Атқарылған жұмыстар қоры­тындысы бойынша өңірде 10 жалпы­ұлттық, 19 жергілікті маңы­зы бар сакралды нысандар­дың тізбесі бекітілді. Облыстағы тарихи маңызы зор қасиетті орындар туралы толық ақпараттар облыстық тарихи-өлкетану му­зейінің сайтында орналасқан «Киелі Қазақстан» виртуалды карта­сына енгізілді. Ол сонымен қатар әлеуметтік желілер парақ­шаларына да таратылды. 

– Бүгінде Қостанай облысы­ның барлық мемлекеттік музей­лерінің қорларын біртіндеп цифр­лы жүйеге ауыстыру жүріп жатыр. Ыбырай Алтынсариннің ме­мориалдық музейіне мульти­медиялық жабдықтар, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейіне сенсорлық терминал сатып алынды. Оған өңірдің мәдени-тарихи, табиғи мұра­лары, атақты жерлестеріміз туралы ақпаратты молынан енгізуге мүмкіндік бар, – дейді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов. 

Облыста өткен жылы архео­логиялық ескерткіштерді зерт­теу мен жүйелеуге мән бер­і­ліп, облыстық бюджет қаражаты есебінен 3 арнайы экспе­диция жүр­гізілді. Со­ның нәтижесінде Аман­келді ауда­нын­дағы – 200, Әулие­көл ауданындағы 51 архео­­логиялық ескерткіш тура­лы есеп жасалды. Әулиекөл ауда­­нының Белқарағай елді меке­нінде қазба мен далалық зерт­теу жұмыстары жүргізілді. Лисаков қаласындағы Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениетінің музейі 2 өлке­танушылық ғылыми-жи­нақ­тау экспедициясын ұйымдастырды.

Өткен жылы Қостанай облысында тек қостанайлықтарды ғана емес, жалпы республика жұртшылығын елең еткізген екі оқиға болды. Қостанай қала­сында батыр, мәмілегер Шақшақ Жәнібекке орнатылған ескерткіш және Торғай өңірінде Кейкі батырдың бас сүйегін қастерлеп туған жер қойнына тапсыру рәсімі және қазақ халқының рухани бәйтерегінің бірі Ыбырай Ал­тын­сариннің кесенесін қайта жаңғырту ұлттық рухты көтерген шаралар болды. 

Нәзира ЖӘРІМБЕТ, «Егемен Қазақстан»

ҚОСТАНАЙ