• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 16:48

Кене энцефалитінен қалай қорғану керек?

10 рет
көрсетілді

Көктем мезгілінің басталуымен кене шағуына байланысты 478 адам медициналық көмекке жүгінген, алайда кене энцефалиті тіркелген жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім қылды, деп жазады Egemen.kz.

Күн жылынған сайын табиғатта, әсіресе шөп басқан аймақтарда кенеге тап болу қаупі жоғарылайды. Елімізде жұқтыру қаупі жоғары 7 эндемиялық өңір анықталған: Алматы қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстары, сондай-ақ Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстарының жекелеген аудандары.

Кене энцефалиті – кене шағуы арқылы таралатын, ми мен жұлынды зақымдайтын қауіпті вирустық ауру. Ауру асқынған жағдайда ауыр неврологиялық салдарға әкелуі мүмкін, сондықтан алдын алу шараларын қатаң сақтау маңызды.

Бүгінгі таңда елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты:

кене энцефалиті жағдайлары тіркелген жоқ; 478 адам медициналық көмекке жүгінген, оның ішінде 232-сі – балалар; зардап шеккендердің 97% профилактикалық көмек алған.

Ақ халатты алаяқтар көбейді: Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға ескерту жасады

Маусымға дайындық алдын ала жүргізіліп жатыр. Қауіп тобындағы азаматтарды вакцинациялау жалғасып жатыр – қазірдің өзінде 5 845 адам егілді. Сонымен қатар елде вакцина мен иммуноглобулиннің жеткілікті қоры бар. Алматы қаласы және Алматы, Жетісу облыстарында кенеге қарсы өңдеу жұмыстары басталды.

Мамандар кене шағуының алдын алу үшін қарапайым, бірақ тиімді шараларды ұсынады:

вакцинация – ең сенімді қорғаныс тәсілі; жабық, ашық түсті киім кию; арнайы репелленттерді қолдану; табиғатта болғанда биік шөптен аулақ болу және денені үнемі тексеріп отыру; сүт өнімдерін тұтынарда міндетті түрде қайнату.

Егер кене теріге жабысып қалса, бірден дұрыс әрекет ету қажет. Мамандар кенені пинцет немесе жіп арқылы абайлап алып тастауды, шағу орнын антисептикпен өңдеуді, мүмкін болса, кенені зертханаға тапсыруды және міндетті түрде дәрігерге қаралуды ұсынады. Қажет болған жағдайда 72 сағат ішінде иммуноглобулин енгізіледі.

Денсаулық сақтау министрлігі атап өткендей, кене энцефалиті – алдын алуға болатын қауіпті ауру. Қарапайым сақтық шараларын сақтау және уақтылы медициналық көмекке жүгіну арқылы өз денсаулығыңызды және жақындарыңызды қорғауға болады.Табиғат аясында демалғанда сақтық таныту – қауіпсіздіктің басты кепілі.

Денсаулық сақтау саласындағы серпін: Елімізде нәресте өлімі айтарлықтай төмендеді

Соңғы жаңалықтар