• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Сәуір, 2018

Қостанай облысының әкімі су қоймалары мен бөгеттерді тексерді

447 рет
көрсетілді

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Таран және Жітіқара аудандарындағы бөгет және су қоймаларындағы жағдайды тексерді.

Таран ауданында әкім Аят өзенінің жағасында салынып жатқан бөгетті барып көрді. Бөгетті салуға облыс бюджетінен 116,4 млн теңге қаражат бөлінген. Құрылыс жұмыстары биыл қазан айына қарай бітуі тиіс. Архимед Мұхамбетов нысанды мерзімінде сапалы етіп тапсыру талабын қойды.

Жітіқара ауданында үш су қоймасы биыл күрделі жөнделеді. Жоғары Шортанды және Төменгі Шортанды су қоймаларын жөндеуге 154,4 миллион теңге бөлінген. Екі су қоймасы да 1962 жылы пайдалануға берілген, деп жазады Қазақпарат.

Өңір басшысының айтуынша, мамырда жөндеу жұмыстары басталады. Қаламен жапсарлас орналасқан су қоймасын жөндеу аса үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Нысанның мердігер ұйымы жұмыстарды мерзімінде әрі сапалы аяқтайтынын жеткізді. Мерзім - 2018 жылдың тамызы.

Айта кетейік, гидротехникалық нысандарды жөндеуге облыс бюджетінен жалпы 317,7 млн теңге бөлінген.