• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Сәуір, 2018

Белгілі опера әншісі Жұлдыз Уәлихан қайырымдылық концертін өткізді

726 рет
көрсетілді

Шараның басты мақсаты – өнер арқылы еліміздегі онкологиялық ауруларға шалдыққан науқас балаларғақол ұшын беру. Қоғамды, барша адамзатты мейірімділікке, игі істер мен әрекеттерге шақыру. 

Шарада белгілі опера әншісі Жұлдыз Уалихан, танымал балет әртісі Досжан Табылды және басқалар өз өнерлерін қалың көрермендерге паш етті.

Алғаш рет қазақстандық қана емес, сонымен бірге әлемдік сахнада өнер көрсететін бірегей опера әншісі ерекше шоуды жаңаша форматта ұсынды.

Шоу әйгілі әлемдік опера, халық әндерімен қатар, балеттің жаңаша қойылымдарынан тұрды. Музыкалық нөмірлер дыбыс, дауыс және би арқылы түрлі сезімнің бүкіл драматургиясын көрсете алды.

Жұлдыз Уәлиханның әсем дауысы мен Досжан Табылдының керемет пластикасы көрерменге барлық таңғажайып сезімдер мен эмоцияларды тарту етті. Екеуі бірігіп өнер арқылы махаббат, сезім, адамгершілік, арман, бейімділік, ынтызарлық және сұлулық туралы баяндады.

Сондай-ақ, музыкалық шоу аясында «Сенің бағыңда» атты жаңа клиптің тұсаукесері өтті.  Аталған сол кеште Жұлдыз Уәлиханның музыкалық альбомының сатылымынан түскен қаражат11 жасар науқас Айбек Жебегенге тапсырылатын болды.