• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Сәуір, 2018

Астанадағы «Әбу-Даби Плазадан» тағы да өрт шықты

311 рет
көрсетілді

Астанадағы «Әбу-Даби Плаза» құрылысынан тағы да өрт шықты.

«17 сәуір күні 16:45-те «101» пультіне Сығанақ көшесі, 14/2 мекенжайында өрт тұтанғаны туралы хабар келді. Өрт сөндірушілер ғимараттың 38-40 қабаттарында тенттің өртенгенін анықтады», - деп мәлімдеді ТЖД өкілдері.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жалын 40 шаршы метрді шарпыған. Оны өрт сөндірушілер барғанша құрылысшылар сөндіріп үлгерген. Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, осы ғимарат бұған дейін де бірнеше рет өртенген. 2016 жылғы 13 ақпанда кешеннің 25-қабатындағы ағаштан жасалған қалыптары өртенген. 2016 жылғы 4 наурызда (минус) екінші қабаты өртке оранған. Осы оқиғадан соң бір ай өтпестен, 1 сәуірде дәл сол минус екінші қабатта тағы да өрт тұтанды. Ал 2017 жылғы 14 қарашада құрылысшылар жатақханасының ас үйі өрт құшағында қалған.