Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының шеңберінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы басталғаны белгілі.
Бүгінгі таңда еліміздің білім саласында көптеген жетістіктер бар. Көптеген жоғары оқу орындары әлемдегі бәсекеге қабілетті білім ошақтарының қатарына қосылды.
Сонымен қатар біздің жастар әлемдегі озық оқу орындарында білім алып жатыр. Мемлекет басшысы ұсынған аталған жаңа жоба бұл жетістіктердің заңды жалғасы. Сайып келгенде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» – қоғамдық сананы жаңғыртудың бастауы. Аталған жобаны жүзеге асыру жас мамандарды даярлауда жаңа сапалық кезеңге шығуға мүмкіндік береді. Жаңа оқулықтар бойынша білім алатын студенттеріміз білім саласындағы жаһандық бәсекелерге төтеп беретіндігіне сенімдімін.
Жоба аясында алғаш болып тұсауы кесілген 18 оқулық – жастардың мазмұнды болашағына жасалған маңызды қадам. Енді біздің студенттер әлемнің маңдайалды ғалымдарының еңбектерін өз ана тілінде оқи алады. Менің ойымша, бұл жобаны жүзеге асыру еліміздің әлемдегі қарқынды дамыған отыз мемлекеттің қатарына қосылуына айтарлықтай ықпал етпек.
Таисия МАРМОНТОВА, Астана қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі