• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Сәуір, 2026

Суррогат ішімдіктер жойылды

20 рет
көрсетілді

Петропавл қаласында полиция тәркілеген суррогат алкогольдік өнімдер мен 21 жасқа толмаған азаматтарға сатылған ішімдіктердің 600 литрі бульдозер трактормен тапталып, құртылды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Жыл басынан бері облыс орталығында полицейлер антиалкогольдік заңнаманы бұзғаны үшін 25 сауда орнының иелерін жауапкершілікке тартып, құрамында 1176 литр спірті бар өнімдерді тәркілеген.

Соның 600 литрі полигонға шығарылып, жойылды. Ал қалғандары барлық қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін осында жеткізіледі.

Шығыс Қазақстандағы ең көп ішімдік ішетін елді мекен аталды

Соңғы жаңалықтар