• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Сәуір, 2018

Сенатта бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері талқыланды

245 рет
көрсетілді

Парламент Сенатында Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің және Қаржы және бюджет комитетінің мүшелері бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Есеп комитетінің мүшесі К.Плотников, ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменов, қаржы, білім және ғылым, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы министрлерінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы салық төлеушілер ассоциациясы Басқару кеңесінің төрағасы Ж.Ертілесова баяндама жасады.

Сенаторлар Д.Әділбеков, С.Жақсыбеков, С.Плотников, Б. Шелпеков, Т.Мұқашев бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өз ұсыныстарын айтты.

Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина кездесуді қорытындылай келіп, Бюджет кодексіне қосу жөнінде ұсыныстар еліміздің 8 аймағынан - Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан келіп түскенін атап өтті. «Депутаттар ол ұсыныстардың әрқайсысын қарайды және талқыланатын болады, тиісті заң жобасын қарау барысында ескеріледі деп сенемін», - деп атап өтті сенатор.