«Байтұрсынов оқулары–2018» дәстүрлі ғылыми-практикалық конференциясы биыл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазқстан халқына жолдаған Жолдауынан туындайтын «Жаңа өнеркәсіптік революция жағдайындағы адам капиталының сапасы» тақырыбына арналды. Конференцияға Ресей, Швеция, Литва, Украина, Беларуссия, Оңтүстік Корея елдері мен Қазақстан обылстарындағы білім ордаларынан ғалымдар қатысты. Конференция жұмысына барлығы 200-дей қонақтар қатысты.
«Адам капиталы еліміз дамуының басты шарттарының бірі. Елбасының «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы» шеңберінде шетелдеодегі үздік университеттер оқулықтары негізінде 17 оқулық азақ тіліне аударылып, студенттерге ұсынылатын уақыт та алыс емес. Бұл қазақ тілінде білім алатын студенттердің ой-өрісін кеңейтіп, олаодың тарих, писхология, әлеуусметтану, философия, мәдениеттану секілді гуманитарлық пәндерден терең білім алуына мүмкіндік жасайды» дейді конференцияның пленарлық мәжілісінде баяндама жасағанның бірі Ахаң атындағы университет профессоры Алмасбек Әбсадық.
Конференцияның пленарлық мәжілісінен кейін келген зерттеушілер мен ғалымдар секцияларға бөлініп жұмыс істеді. Секциялық жұмыстар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және заңның үстемдігі құқықтық қызметтің негізгі бағыттары», «Экономикалық дамуға қол жеткізудегі ресурстік әлеуетін тиімді пайдалануы», «Казақстанды цифрландыру: ғылым, өндіріс және білім берудегі IT-технологиялар», «Агро-өнеркәсіптік кешенді дамыту мақсатындағы «ақылды технологиялардың» енгізілуі», «Техникалық ғылымдар – Қазақстандық төртінші модернизациясының негізі», «Мәдениет және идеология «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізі» деген тақырыптар төкірегінде өрбіді.
Конференция шеңберінде ЖОО ғылым мен білім беру саласындағы, сонымен қатар Қазақстанның индустриалдық - инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру жолдарын шешуге бағытталған өзекті мәселелер қарастырылады.
Конференция барысында алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетел ғалымдарының қатысуымен семинарлар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады.
Нәзира Жәрімбет,
«Егемен Қазақстан»
Қостанай