• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Сәуір, 2018

«Алматының жалпы бас жоспарын әзірлеу» тақырыбындағы төртінші форум өтті

312 рет
көрсетілді

Алматыда «Біз Алматы» жобасының «Алматының жалпы бас жоспарын әзірлеу» тақырыбындағы төртінші форумы өтті. Форумды Британдық Кеңес, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ, Қазақстан-Британ техникалық университеті мен Алматы қаласының әкімдігі Еуропалық Одақтың 430 мың еуро мөлшеріндегі қаржылық қолдауымен іске асырылатын «Біз Алматы» жобасының шеңберінде ұйымдастырды.

Форум Алматының Бас жоспарының, яғни қалалық ортаны дамытуды қамтитын қаланың жаңа құрылымдық-функциялық үлгісінің шеңберінде қаланы дамытудың көкейкесті ортақ көрінісін қалыптастыру үшін мемлекеттік құрылымдар мен қалалықтардың сұхбат алаңы ретінде өткізілді.

Осы іс-шара барысында «Біз Алматы» жобалар байқауының жеңімпаздары жарияланды. Конкурс 2017 жылғы қарашада Алматы қаласын орнықты дамытуға арналған әлеуметтік және экономикалық жобаларға бастамашы болуға және іске асыруға қала тұрғындарын тарту мақсатында жарияланған болатын. Байқауға 130-ден астам өтінім түсті. Жеңімпаздардың әрқайсысы өз жобаларын іске асыру үшін Еуропалық Одақтан 5 мың еуроға дейін алды.  

Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің Басшысы Траян Христеа мырза жеңімпаздарға марапатты тапсыра отырып, «Еуропалық Одақ қоғамдық ұйымдардың да, сондай-ақ жергілікті биліктің де жұмысының маңыздылығын әрқашан бағалап, оларға көкейге қонатын қолдау көрсетіп келе жатқаны атады. Мұның себебі – даму бойынша орталықтандырылған әкімшілік бағдарламалары мен саясаты тұрақты дамудың барлық күрделі мәселелерін өз бетінше шеше алмайды. Сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен жергілікті билік органдарының өздері де даму үдерісінде маңызды рөл атқарады. Өйткені олар кез келген демократияның елеулі әрі ажырамас бөлігі болып табылады.

Өз кезегінде «Біз Алматы» жобасы бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарымен тығыз байланысты. Себебі 97 қадам «өзін-өзі реттеу мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы азаматтардың шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуді» көздейді.

Форумға қатысушылар Бас жоспарды жақсарту бойынша идеяларын бөлісті және Алматыны халықтың түрлі топтары, соның ішінде, арбадағы кішкентай балалары бар аналар, кемтар жандар, велосипедшілер, қарт адамдар мен студенттер үшін қалай ыңғайлы әрі қолайлы етуге болатыны жөнінде ұсыныстарын берді. Жергілікті билік органдарының өкілдері әзірленіп жатқан Бас жоспардың тұжырымының негізгі қырлары туралы және осы бағыттағы келешек жұмыс жоспарлары туралы баяндады.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

 АЛМАТЫ