• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Сәуір, 2018

Таразда өзбек кино­ла­рының көрсетілімі өтті

340 рет
көрсетілді

Биыл Өзбекстанның Қазақстандағы жылы болып жарияланды. Бүгінгі таңда екі ел арасындағы ынтымақтастық пен татулық көкжиегі кеңейіп келеді. Осы орайда туысқан халықтар арасындағы мәдени, рухани байланыстың да нығая түскені баршаға мәлім. Қос мемлекет арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі дамыту мақсатында Тараз төрінде «Өзбеккино» ұлттық агенттігінің бас­тамасымен көрші ел кино­ла­рының көрсетілімі өтті.

Мәдени шараның ашылу салтанатында Жамбыл облыс­тық мәдениет, архивтер жә­не құжат­та­ма басқарма­сы­ның бас­шы­сы Дүй­сенәлі Бықыбаев сөз алып, кө­не Тараз жеріне келген өзбек ағай­ындарға алғыс біл­дірді. Өз сө­зінде өзбек хал­қы­ның танымал ре­жиссері Шухрот Махмудов және «Өз­бек­­кино» агенттігінің өкілі Шер­зотжан Келдібаев қазақ пен өз­бек халықтары арасындағы мә­­дени байланыстың бүгінде да­­ми түскенін айтып, алдағы у­а­­қыт­тарда да әріптестікті арт­тыру керектігін жеткізді. Сон­дай-ақ, 1 мамыр – Қазақ­стан хал­қының бір­­­лігі күні мере­ке­сіне орай Әулие­­ата жеріне кел­ген меймандар қазақ елінің қо­нақжайлылық, дар­­­хандық сия­қты ерекше қа­сиет­теріне тоқт­алды.

«Өзбеккино» ұлттық агент­ті­гі үш күн бойы Тараз көрер­мен­­де­ріне «Айқыз ертегі», «Ұрпақ», «Ша­­бандоз», «Тан­ка» сияқ­ты туындыларын тар­ту етті. Бұл күндері қала тұр­ғындары мен қонақтары об­лыс­тық қазақ дра­ма театрына келіп, өзбек кино­ла­рындағы өмір суреттеріне қа­нық­ты. Әсі­­ресе қарақалпақ хал­қының қа­ра­пайым өмірін сурет­теген «Тан­ка» фильміндегі ауыл адам­дарының бейнелері шы­­найылығымен көпшілікті бау­­рады. Өзге кинолардағы әзіл ар­­қылы берілген сюжеттер де кө­­рер­мен көңілінен шықты. Ко­­ме­диялық сарынмен өмір шын­­ды­ғын астарлап жеткізген фи­ль­м­дерді көрсету бұдан былай да Тараз төрінде дәстүрлі түр­де ұй­ымдастырылып тұра­тын болды. 

Бұдан кейін «Өзбеккино» агент­­тігінің өкілдері мен бел­гі­­лі өзбекстандық режиссер­лер Жамбыл облыстық кино­­орта­лы­­ғын­да болып, шебер­лік сы­ныпта­рын өткізді. Сон­дай-ақ фильм т­ү­сіру барысын­да өз­дерінің жи­на­ған тәжі­ри­бе­ле­рімен бөлісті.

Хамит ЕСАМАН, «Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы