• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 27 Сәуір, 2018

Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея басшылары шекарада кездесті

736 рет
көрсетілді

Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен екі елді бөліп тұрған демаркация сызығында кездесіп, қол алысып амандасты.

Бұдан соң екі ел басшысы суретке түсіп, саммит басталғалы жатқан ғимаратқа бет алды.

«Оңтүстік Корея делегациясы бейбітшілік пен қос корей елінің одан әрі дамуын жаңаша бастау мақсатында келіссөздер жүргізуге келіп отыр», деп мәлімдеді Ким Чен Ын. Өз кезегінде сөз алған Мун Чжэ Ин қарсы тарапты нәтижелі келіссөздерге шақырған ол, «корей ұлты мен өзге адамдарға үлкен сый тарту еткен болар едік» деп ағынан жарылды.

Ким Чен Ын Оңтүстік Корея жеріне 65 жылдан кейін барып отырған Солтүстік Кореяның алғашқы басшысы. Естеріңізге сала кетейік, 21 сәуір күні Солтүстік Корея Корей түбегін ядролық қарудан ада ету мақсатында Пхунгеридегі ядролық полигонды жабатынын мәлімдеген болатын. Сонымен бірге келесі айда немесе маусымның басында Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея басшылары және АҚШ президенті Дональд Трамп қатысатын саммит өтпек.