2018 жылғы 24-26 сәуірде Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде БҰҰ Бас Ассамблеясы 72-сессиясының президенті Мирослав Лайчактың ұйымдастыруымен Бейбітшілікті құру мен сақтау жөніндегі жоғары деңгейдегі іс-шара өтті. Оның жұмысына БҰҰ мүше мемлекеттерінің елбасылары, үкімет басшылары, сыртқы істер министрлері және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар қатысты.
Кездесуді ашқан М.Лайчак халықаралық қоғамдастыққа жанжалдардың салдарын жоюға емес оларды болдырмауға бағытталған күш-жігерді жұмылдырудың маңызы зор екенін атап өтті. Оның ойынша қазіргі кезде бейбітшілікті сақтау бойынша ескі тәсілдіерді реформалау қажет, себебі олар «сансыз адам өмірлері мен миллиардтаған доллардан» тұрады.
БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш өз сөзінде адамзат бірқатар маңызды көрсеткіштер бойынша «алға қарай емес, артқа қарай жылжуда» деп атап өтті. Шиеленістегі елдердің саны соңғы үш онжылдықтың ішінде ең жоғары санға жетті; қала тұрғындардың рекордты саны қару-жарақтан мерт болды; зорлық-зомбылықтан, соғыс пен қудалаудан қашып үйлерінен кетуге мәжбүр болған адамдардың саны алдыңғы көрсеткіштерден асып түсті. «Бейбітшілікке қолжеткізу үшін біз осы құбылыстармен күресуіміз керек», - деді БҰҰ басшысы. Ол үшін бейбітшілік құру мәселелерін шешудің кешенді әдісін қолдану қажет, ал жанжалдарды болдырмау басымды болу қажет. Сондай-ақ, жанжалдардың түбегейлі себептерін жойып, оның ішінде орнықты даму мен адам құқықтары саласындағы шараларды іске асыру жолымен шешу қажет.
Қазақстанның Тұрақты өкілі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан сөйлеген сөзінде БҰҰ бейбітшілік құру пен сақтауға бағытталған мандаты бар неғұрлым заңды және көпжақты ұйым екенін атап өтті. БҰҰ-ның осы саладағы қызметінің үлгісі ретінде Қазақстанның бастамасымен құрылған БҰҰ-ның Орталық Азиядағы алдын-алу дипломатиясының аймақтық Орталығы болып табылады.
Іс-шара қатысушылары Қазақстанның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту саласындағы практикалық қадамдары мен жинаған тәжірибесімен таныстырылды. Атап айтқанда, Қазақстан ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы көшбасшы болып табылатыны туралы атап өтілді. Біздің елімізбен Семей ядролық полигоны жабылған еді,сондай-ақ Қазақстан бастамасымен 29 тамыз күні Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн деп жарияланды.
Қазақстанның басқа бастамаларының қатарында 2016 жылғы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. XXIғасыр» манифесі халықаралық қоғамдастыққа соғыс апатынан арылуға мүмкіндік беретін басшылық қағидаларын қамтиды. Қазақстан Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге септігін тигізетін 26 мемлекет мүше АӨСШК-нің негізін қалаушы.26 мүше мемлекетін біріктірген АӨСШК-нің негізін қалаушысы бұлұйым етуде.
Біздің еліміз барлық келіспеушіліктер мен қақтығыстарды шешудің негізгі құралы ретінде дипломатия мен бейбітшілік келіс сөздерін қолдайды. Осы ұстанымға сәйкес Қазақстан Сирия мәселесі және одан бұрын да Иран ядролық мәселесі бойынша бейбіт келіссөздер жүргізу үшін өз алаңын сәтті ұсынуда.
Біздің еліміз жанжалдарды болдырмау және бейбіт жолмен шешудедін басшыларының белсенді қатысуын қолдайды. Осыған орай, Астана 2003 жылдан бастап Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерін сәтті өткізіп келеді. Осы тұрғыда БҰҰ-ға Съез қызметін қолдайтыны үшін алғыс білдірілді.