Ел газеті «Егемен» Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында «Қазақстан – шетелдік фотографтар көзімен» деп аталатын жаңа айдарды бастады. Бұл айдарда Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған халықаралық PHOTO fest.kz фестиваліне қатысқан, Қазақстанның көркем келбетін, ұлттық салт-дәстүрін, халқы мен табиғатын бірегей фотосуреттермен айшықтаған фотографтарды жұртшылықпен таныстыру мақсатында олардың маңдайалды жұмыстарына басылым бетінен орын ұсынып отырмыз. Заманауи сипатта, жаңаша тұрпатта түсірілген бұл туындылар оқырман көңілінен шығады деген ойдамыз.
Исмаил Хайкир,Түркия
Қызғалдақ тақырыбын 12 жыл бойы түсіріп келе жатқан фотограф.
Алғашқы түрлі-түсті сурет көрмесін 1985 жылы өткізген.
2005 жылы Хасселблад журналының түрлі-түсті фотография номинациясының жүлдегері. 2012 жылы «Эксперименталды зерттеулер» мемлекеттік фотобайқауының жүлдегері. Түркия мемлекеті премьер-министрінің кеңсесінде фотограф, «Инсити» журналында арт-директор қызметтерін атқарған.