Ақтауда кәріз суын тазартатын қондырғы қыркүйекте пайдалануға беріледі. Қаланың солтүстік бағытына, жоғары жақтағы шағын аудандарға арнайы салынып жатқан қондырғы 70 мың шаршы метр көлемге арналған.
«Бұл – көптен шешімін таппай келе жатқан мәселе. Екі этаптан тұрады: біріншісі – 40 мың, екіншісі – 30 шаршы шақырым. Қазір бірінші этап іске қосылу сатысында. Жұмыстың 95 пайызы аяқталды. Кейбір детальдары жетіспеуіне байланысты кішкене бөгеліп тұр. Қазір қаладан шығып жатқан 20 мың шаршы метр шамасындағы суды осында бағыттаймыз. Ескі станция өз қуаттылығына сай жұмыс істеп тұр», дейді кәріз қондырғысының құрылысы жайлы Маңғыстау облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сапар Аманбеков.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы