• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Әлем 01 Мамыр, 2018

Өзбекстан Түркі кеңесінің құрамына кірмек

334 рет
көрсетілді

Өзбекстан Түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесінің құрамына кіру туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Түркия президентімен келіссөздерден кейін БАҚ-қа берген брифинг барысында мәлім етті.

Шавкат Мирзиеевтің айтуынша, ол Түркі кеңесінің жұмысына Өзбекстанның қатысуы мәселесін Түркия президентімен жеке талқылаған, сондай-ақ оған оң жауап алған.

«Біз Бішкекте өтетін Кеңестің келесі отырысына қатысамыз», - деді Өзбекстанның президенті.

Еске сала кетсек, Түркі ынтымақтастық кеңесі 2009 жылы құрылған болатын. Оның құрамына Қазақстан, Түркия, Әзербайжан мен Қырғыз Республикасы кіреді.