• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Мамыр, 2018

Ақтауда дін өкілдері дөңгелек үстелде бас қосты

460 рет
көрсетілді

Ақтауда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа жаппай төзбеушілікті қалыптастырудағы руханият рөлі» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Н.Жанназарова, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р.Сакеев, облыстық дін істері басқармасының басшысы Е.Есбергенов, облыстық орталық «Бекет Ата» мешітінің бас имамы С.Сейтбеков, Ақтау қаласының Римдік-Католиктік шіркеуінің жетекшісі А.Калиновский, «Жаңару» Жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының директоры Д.Үсіпбаев, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының облыстық, қалалық және аудандық өкілдіктерінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және мәслихат депутаттары қатысты.

Өзінің кіріспе сөзінде Агенттіктің аумақтық департаментінің басшысы Н.Жанназарова іс-шараның мақсаты мен міндеттері, мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты туралы және де сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін қоғамның түрлі әлеуметтік топтарын тарту қажеттігі туралы айтып өтті.

Маңғыстау облыстық дін істері басқармасының басшысы Е.Есбергенов дінаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын жүзеге асыру бойынша басқарманың қызметіне тоқталды.

Өз кезегінде облыстық «Бекет Ата» орталық мешітінің бас имамы С. Сейтбеков, Агенттік тарапынан жүргізіліп жатқан саясатқа қолдау білдіре отырып, облыстың барлық мешіттерінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың бірыңғай сағатын» ұйымдастыруды ұсынды. Облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық мешіттердің жамағаттарына жұма намазы барысындағы уағыздарда  парақорлықтың шариғат үкімі бойынша күнә екендігі, қоғам және ел үшін қауіптілігі туралы толық түсіндіру жұмыстары жүргізілмек.

Талқылау барысында Ақтау қаласының Римдік-Католиктік шіркеуінің жетекшісі А.Калиновский,  қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында ақпараттық-насихат жұмысын жүргізетінін жеткізді.   

Іс-шара кезінде қатысушыларға республика көлеміндегі сыбайлас жемқорлық деректері жинақталған бейнеролик көрсетілді.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы