• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Мамыр, 2018

Отан қорғаушы күніне арналған жауынгерлік парад Жамбыл облысында өтеді

358 рет
көрсетілді

Бүгін Отан қорғаушы күніне арналған жауынгерлік парад Жамбыл облысы Қордай ауданындағы «Отар» әскери базасының аумағында өтеді.

Шартты ұрысқа 3 мыңнан астам сарба мен сардар, 300-ден аса әскери техника және 40 шақты әуе көлігі жұмылдырылады.

Осы жолы алғаш рет аймақтық қорғаныс бөлімшелеріне Жауынгерлік ту тапсырылады. Байрақты қабылдайтындар – облыс әкімдері, Астана мен Алматы қалаларының басшылары.

1992 жылы 7 мамырда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. 2012 жылы Үкімет 7 мамырды мемлекеттік мереке – Отан қорғаушы күні ретінде белгіледі.  Осылайша, жалпыұлттық мерекеге айналған 7 мамыр – айбынды әскердің айтулы күні ретінде жыл сайын аталып өтіп келеді.