• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Мамыр, 2018

Сирияда Ресейдің тікұшағы апатқа ұшырады

322 рет
көрсетілді

Сирияда Ресей Федерациясының Ка-52 тікұшағы апатқа ұшырап, екі ұшқыш қаза тапты. Бұл туралы Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі хабарлады.

«Сирия Араб Республикасының шығыс аудандарында жоспарлы ұшу тапсырмасын орындау кезінде ресейлік Ка-52 тікұшағы апатқа ұшырады. Салдарынан екі ұшқыш опат болды», - делінген министрліктің хабарламасында.

Сондай-ақ, іздеу-құтқару тобы екі ұшқыштың мәйітін базалық әуежайға жеткізгенін мәлім етті.

Алдын ала болжам бойынша, апатқа техникалық ақау себеп болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар