Вена балы соғыста қайтқан сарбаздарға және ардагерлеріне арналған іс-шарада өтті.
Бұл шараның мақсаты - жастардың Отанға деген патриоттық сезімін арттыру. Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым ету үшін сұлу әрі салтанатты болып киініп келген қазіргі заман жастары салтанатты түрде топ құра би биледі.
Салтанатты жиынға Қазақстанның Шығыс өңіріндегі әскери бөлімдер мен құрылымдардың өкілдері, әскер ардагерлері мен офицерлері шақырылды. Семей қаласының тұрғындарын Ұлы Жеңістің 73 жылдығы және Отан қорғаушылар күнімен құттықтаған қала әкімі Ермак Сәлімов ардагерлерімізге ұзақ өмір, ал жастарға ынтымақ пен бірлік тіледі.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА
Семей