• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Мамыр, 2018

Семейдегі Ш.Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» лицейінің курсанттары тарихи сабаққа қатысты

470 рет
көрсетілді

Орталықтандырылған кітапхана жүйесі мекемесінде өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында «Жас Ұлан» лицейінің курсанттарымен «Мен – елімнің ұланымын» атты тарихи сабақ ұйымдастырылды.

Шара басында кітапханашылар Қазақстан Республикасының Ұлттық Қарулы Күштері еліміздің тәуелсіздігі мен шекарасын қорғап қана қоймай, бейбіт өмірді де сақтайтынын да атап өтті. Сондай-ақ бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны екендігі жайлы айтылды.

Тарихи сабақ барысында курсанттар мерекенің тарихымен және Қазақстан армиясы туралы көптеген қызықты деректермен танысты. Қарулы Күштер қатарында қызмет ету - әрбір қазақстандықтың абыройлы міндеті, өткен ұрпақтың батырлық және жауынгерлік дәстүрлеріне негізделген патриоттық рухани мектебі болып саналатыны жайлы әңгімеленді. Курсанттар конкурстық бағдарламаға және әскери тақырыпқа арналған викторинаға қатысып, өздерінің күш-жігерлерін, ептіліктерін көрсетті. Бұдан әрі жиын концерттік бағдарламамен жалғасып, «Қазақ елі осындай», «Бір бала» және тағы басқа әндер орындалды.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА

Соңғы жаңалықтар