• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Әлем 09 Мамыр, 2018

Сирия әскери базаға шабуылдады деп Израильді айыптап отыр

316 рет
көрсетілді

Сирия мемлекеттік баспасөз құралдарының хабарлауынша, сейсенбі күні Израиль Әл-Кисва қаласындағы әскери базаға әуеден шабуыл жасалған. Дамаскінің оңтүстігінде орналасқан қала Израиль шекарасынан 50 шақырым қашқтықта орналасқан.

Сана жаңалықтар агенттігінің мәліметінше, Сирия әуе қорғанысы күштері Израильдің екі зымыранын атып түсірген. Ресми БАҚ шабуылдан қаза тапқандар жөнінде хабар таратпай отыр, дегенмен Британияда орналасқан Сириядағы адам құқықтары жөніндегі орталықтың бақылауынша тоғызға жуық адам шейіт болған.

Аталған шабуылға қатысты Израиль әзірге пікір білдірмей отыр. Әйтсе де Сириямен бірлескен Иран әскери жасағының күшеюін құптамайтындығын мәлімдеді. Бұл күндері Иран азаматтық соғыста Сирия үкіметін қолдау мақсатында соғыс кеңесшілері мен мыңдаған сарбаз жібірген болатын.