Алғашқы жартылай финалдың қорытындысы бойынша, Израиль, Эстония, Чехия, Аустрия, Кипр, Болгария, Албания, Финляндия, Ирландия және Литва елдерінен келген 19 орындаушы үздік деп танылды.
Финалға қатысушыларды қазылар алқасының мүшелері мен музыкалық жарыстың көрермендері анықтады. Музыкалық конкурстың екінші жартылай финалы 10 мамырда өтеді. Оған Норвегия, Румыния, Сербия, Сан-Марино, Дания, Молдова, Нидерланды, Аустралия, Грузия, Польша, Мальта, Венгрия, Латвия, Швеция, Черногория, Словения, Украина және Ресей секілді 17 елдің өкілдері қатысады. Конкурстың финалы 12 мамырда, сенбі күні өтпек. «Eurovision-2018» финалына үлкен «бестік елдері» - Испания, Ұлыбритания, Италия, Германия, Франция, Португалия елдері әдеттегідей бірден шығады.