Бүгін 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күнін орай Үкімет пен Парламент басшылары Отан қорғаушылар монументіне гүл шоқтарын қойып, салтанатты шараға жиналған ардагерлермен сұхбаттасты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Салтанатты шараға ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин қатысты. Олар алдымен Отан қорғаушылар монументіне гүл шоқтарын қойды. Содан кейін жиынға келген халықпен бірге сұрапыл соғыста қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Жиын соңында Қазақстанның Әнұраны орындалды.