Беделді Brand Finance агенттігі футбол клубтары брендінің жаңа әлемдік рейтингін жариялады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
Футбол әлемінің ең қымбат бренді атағын Англияның «Манчестер Юнайтед» клубы ешкімге бермей келеді. Агенттік МЮ брендін 1,895 миллиард АҚШ долларына бағалаған.
Ағылшын Премьер-лигасының биылғы маусымында «қызыл сойқандар» мерзімінен бұрын күміс медальды еншілеген болатын. Бұдан тыс, «Челсимен» әлемдегі ең қарт футбол трофейі - Англия Кубогының финалында ойнайды.
Тізімнің екінші және үшінші орындарын 1,573 млрд долларға бағаланған «Реал Мадрид» және 1,511 млрд долларлық «Барселона» клубтары иеленіп отыр. Ал ең қарқынды дамып келе жатқан футбол брендтерінің арасында мерзімінен бұрын Испания чемпионы атанып, Король Кубогын да жеңіп алған «Барса» алдына жан салмай тұр. Одан кейінгі орындарда «Реал Мадрид» пен «Манчестер Юнайтед» келеді. Үздіктер бестігін Мюнхеннің «Бавариясы» мен УЕФА Чемпиондар лигасының финалында «Мадридпен» ойнайтын «Ливерпуль» түйіндеді. Brand Finance-тың толық рейтингін мына жерден қарауға болады.