• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Мамыр, 2018

Солтүстік Қазақстанда 60 мың бала лагерьлерде демалады

302 рет
көрсетілді

Білім басқармасының мамандары берген ақпарат бойынша биыл жазғы демалыспен 60 мың бала қамтылады.

Олардың тоғыз мыңы – жетім балалар және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан. Бұл мақсат үшін қазынадан 63 миллион 674 мың теңге қарастырылған. 13 лагерь жаз бойы жұмыс істейді. «Балдәурен» республикалық сауықтыру орталығына 224, «Бөбек» ұлттық ғылыми-тәжірибелік, білім беру және сауықтыру орталығына 70 жолдама бөлінген. «Солнечный» балалар шипажайы 750 бүлдіршінді қабылдайды.

Жазғы каникулды әр бала тағатсыздана күтетіндіктен демалысты тиімді ұйымдастыруды жан-жақты қарастырып отырмыз. Жыл сайын әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасылардың балаларын сауықтыруға, тамақтандыру сапасына, түрлі мәдени-спорттық жарыстар мен танымдық ойындарға, көрікті жерлерге, табиға аясына серуендеуге, қауіпсіздік шараларына баса назар аударылады», дейді білім басқармасының бөлім жетекшісі Анатолий Тарахтун.

Мағжан Жұмабаев ауданындағы «Ақ қайың» сауықтыру лагері 5 ауысымда жұмыс істеп, 550 балаға қызмет етпек. Оның директоры Мұрат Ортамышевтың айтуына қарағанда биыл қабылданатын 550 оқушының 300-ге жуығының әлеуметтік жағдайы төмен. Лагерьде барлық жағдай жасалған. Карусель, клуб, монша, екі бассейн, теннис орталығы жұмыс істейтін болады.

Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»