• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Мамыр, 2018

Қатар холдингі Қазақстанға инвестиция құюға дайын

270 рет
көрсетілді

«Самрұқ-Қазына»ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов «Аль-Фейсал Холдигі» директорлары кеңесінің төрағасы Фейсал бен Касим бен Фейсал әл-Тани шейхпен кездесті. Кездесу барысында екі ел басшыларының жеке кездесуі кезінде қол жеткізген келісімге сәйкес Қордың қоржындық компаниялары мен Катар компаниялары арасындағы ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.

Ахметжан Есімов Елбасы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2018-2028 жылдарға арналған жаңа даму стратегиясын бекіткенін және осыған сәйкес Жекешелендіру бағдарламасының ауқымды іске асырылуы жалғасып жатқанын жеткізді. Сонымен қатар, бірлескен кәсіпорындар құру Қор қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып саналады. Фейсал бен Касим Әл-Тани шейх өз кезегінде Қор төрағасына жылы қарсы алғаны үшін алғыс білдіріп, 2015 жылы ҚР Президенті Доха қаласына іс-сапармен барғанда Астана шақырғаны үшін ризашылығын жеткізді.

Катар кәсіпкерлері қауымдастығының төрағасы Шейх Фейсал бен Касим әл-Тани Катар кәсіпкерлеріне Қазақстанды инвестиция құюға қолайлы мемлекет ретінде ұсынатынын жеткізді. Шейхтің сөзінше, көрші мемлекеттердің Катарға қатысты енгізген эмбаргосына байланысты ел экономикалық ынтымақтастыққа, әсіресе көлік-логистика саласында жаңа мүмкіндіктер іздейді.

Кездесу соңында Ахметжан Есімов Қор компаниялар тобының құрамына ірі көлік кәсіпорындары кіретіндігін жеткізіп, Холдингпен тығыз ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.