• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Мамыр, 2018

Алматыда жаңбырдан болған су тасқынынан 24 оқиға тіркелді

272 рет
көрсетілді

Бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Ерлан Әлібекұлының қатысуымен брифинг өтті.

Ерлан Әлібековтың айтуынша, Казгидромет мәліметтері бойынша мамыр айының басында қала аумағында 76 мм жауын-шашын жауған. Оның ішінде 12 мамырда – 14 мм,  13 мамырда 11 мм-ге, 14 мамырда түске дейін 12 мм-ге дейін жауын-шашын болды.

– Ағымдағы жылдың мамыр айында ауа температурасы 16 градустан  жоғары болды. Бір айлық жауын-шашын мөлшері қалыптан жоғары болады деп күтілуде, – деді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.

Сонымен 12-14 мамыр аралығында жаңбырдан болған су тасқынының 24 оқиғасы тіркелді, оның ішінде, жеке үйлерде – 5, жертөлелерде – 2, жеке үйлердің аулаларында – 8 , көшелерде – 9 оқиға орын алған.

Атап айтқанда, Алатау ауданында – 7 оқиға, Алмалы ауданында –  3 оқиға, Әуезов ауданында – 2 оқиға, Бостандық ауданында – 1 оқиға, Жетісу ауданында –  2 оқиға, Медеу ауданында – 7 оқиға, Наурызбай ауданы – 1 оқиға, Түрксіб ауданында 2 оқиға тіркелді.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ