• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент 15 Мамыр, 2018

Елбасы Ресей Президентімен кездесті

310 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федера­ция­сының Президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу барысында Владимир Путинді Ресей Федерациясының Президенті болып сайлануымен тағы да құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі.

– Биылғы 18 наурызда тарихи маңызы бар оқиға болды. Сіз Ресей халқының асқақ сенімін иеленіп, зор жеңіске жеттіңіз. Қазіргідей күрделі жағдайда мұндай сенімнің мәні зор, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қа­зақ­стан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық, инвес­ти­ция­лық және басқа да маңызды са­лалар мен бағыттар бойынша екіжақты достық пен тығыз ын­ты­мақтастық орныққанына тоқ­талды.

– Қазақстан – Ресеймен үлгі боларлық қарым-қатынас және қарқынды экономикалық байланыс орнатқан ең жақын мемлекет. Елдеріміз арасындағы тауар айналымының көлемі – 16 миллиард долларға жуық. Бір­­лескен кәсіпорындар саны ар­тып келеді, – деді Қазақстан Пре­зи­денті.

Сонымен қатар Мемлекет бас­шысы екі ел арасындағы жо­ғары деңгейдегі өзара ықпал­дас­тық Қазақстан-Ресей қаты­нас­тарында туындайтын мәсе­ле­лерді тиімді шешуге септігін ти­гізіп отырғанын айтты.

– Қазақстан әрдайым сіз­дер­мен бірге. Біз әрқашан бірге жұмыс жүргізіп, бірлесе алға ұмтылып, бұл күрделі кезеңді де еңсеретін боламыз. Бүгінде бар­лық бағыт бойынша қалыпты жұмыс жүргізілуде. Көршілес тәуел­сіз мемлекеттер арасында әр­дайым мәселелер туындап жатады. Біздің үкіметтеріміз бен ми­нис­трліктеріміз арасында тығыз қарым-қатынас орныққан. Туындайтын мәселелерді дүрлік­тірмей, байсалдылықпен шешу қажет. Біз – одақтас елдерміз, екі елдің бұқаралық ақпарат құ­рал­дары да осы бағытта жұ­мыс жүргізуі тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ресей Федерациясының Пре­зи­денті екі мемлекет арасын­дағы түрлі салалар бойынша өзара тиімді қарым-қатынас орнық­қа­нын айтып, оның оң қар­қын­мен дамып келе жатқанына тоқ­талды.

Владимир Путин Қазақстан Ресейдің стратегиялық одақтасы ғана емес, сондай-ақ ең жақын экономикалық серіктестерінің бірі екенін атап өтті.

– Елдеріміз арасындағы қа­ты­настар табысты әрі дәйекті дамып келеді. Былтыр экономи­када жақсы нәтижеге қол жет­кіздік. Атап айтқанда тауар айналымы 30 пайызға өсті. Ресей Қазақстанның жетек­ші сауда-экономикалық серік­тес­терінің бірі болып қала бермек. Ресейдің Қазақстан экономи­ка­сына бөлген тікелей инвести­ция­сының көлемі артқанын да атап өткім келеді, – деді Владимир Путин.

Соңғы жаңалықтар