• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Мамыр, 2018

Атырауда ағылшын тілі тегін оқытылады

500 рет
көрсетілді

14 пен 29 жас аралығындағы тіл үйренуге ниеттілердің бәріне ағылшын тілі тегін оқытылады.

«Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Атырау облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма осындай игі іс ұйымдастырып отыр. Білікті мамандар дәріс беретін оқу аптасына үш рет Жастар ресурстық орталығында өтеді. Орталықтың басшысы Серік Қадыровтың айтуынша, бастамаға қызығушылық танытқандар қатары көп. Алғашқы сабақ 11 сәуірде бас­тал­ды, курс жылдың аяғына дейін жүргізіледі. 

Өткен жылы облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың ұйытқы болуымен әлеуметтік жағынан аз қамтылған 100 адам ағылшын тілінің тегін курсына қатысқан еді. Биыл да бұл үрдіс жалғасын тапты. Сондай-ақ Атырау қаласының 300 тұрғынының жұмысқа орналасуына көмек көрсетілді. Компьютерлік сауаттылық деңгейін көтеріп, бірнеше мамандық бойынша оқу курстарынан өткен жастар қазір тұрақты қызметте жүр.

Бақытгүл БАБАШ, «Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ