• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Мамыр, 2018

«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС басшысы ауысты

657 рет
көрсетілді

«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС бас директоры қызметіне Нұржан Құрманбекұлы Әбдімомынов тағайындалды, деп хабарлайды «Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз қызметі.

2006-2009 жылдар аралығында «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Н. Әбдімомынов 2010-2018 жылдар аралығында ҚР-ның Португалиядағы уақытша сенімді өкілі, ҚР-ның Гонконгтағы және Макаодағы бас консулы қызметтерін атқарды..

Н. Әбдімомынов Данди университетінің түлегі және қазақ, орыс, ағылшын, қытай және португал тілдерін меңгерген.