• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
Президент 15 Мамыр, 2018

Қазақстан Президенті «Жайық Агро LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің зауытына барды

197 рет
көрсетілді

Елбасы тауық етін өндіруге және дайындауға маманданған «Жайық Агро LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тамақ кәсіпорнының жұмысымен танысты. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.

Мемлекет басшысына кәсіпорынның өндірістік қуаты және дайын өнімнің сатылуы жөнінде мәлімет ұсынылды.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевқа «Мясодел» және «Кублей» брендтерінің ет өнімдерін дайындаумен және өндірумен айналысатын жергілікті кәсіпорындардың жұмыстары туралы баяндалды.

***

«Жайық Агро LTD» кәсіпорны жылына 7200 тонна құс етін өндіреді. Бұл орайда, өнімнің 90 пайызы ішкі нарыққа жіберілсе, ал 10 пайызы сыртқы нарыққа шығарылады.