Қазақстан Президенті көмірсутегі шикізатын өндіру және тасымалдау саласында пайдаланылатын құрылғылар мен жабдықтар жасау үдерісімен танысты. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Нұрсұлтан Назарбаевқа кәсіпорынның технологиялық қуаты, сондай-ақ зауытта жасалған қорғаныс өнімдері – атыс қаруы мен оқ-дәрі үлгілері көрсетілді.