• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Мамыр, 2018

Қостанайда бүгін жаппай дән себу басталды

1052 рет
көрсетілді

Облыс диқандары бүгін дән себуге жаппай аттанды. Жұмысқа барлық аудандар кірісті.

Биылғы егін барлығы 4 миллион гектар алқапты алады. Соның 3,5 миллион гектарына бидай, 400 мың гектарына майлы дақылдар себіледі. Майлы дақылдардың ішінде алқаптың басым көпшілігін зығыр алады. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов аудандар мен қалалар әкімдерімен өткізген селекторлық мәжілісте ауа райы жаңбырсыз болса, дән себуді мамырдың 25-не дейін аяқтау керектігін айтты. «Науқан әрі дегенде 3 маусымда бітуі тиіс», деді Архимед Бегежанұлы.

Өңір басшысы мұнымен қатар жеңілдікпен берілген жанар-жағар майды дер уақытында алып кетуді тапсырды. Облысқа арналған 71 мың тонна жанар-жағармайдың 48 мың тоннасы келген, шаруашылықтарға 40 тоннасы жеткізілген.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ, «Егемен Қазақстан»

Қостанай