• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Мамыр, 2018

Маңғыстау полицейлері арасында тренинг өтті

736 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы ІІД Заңсыз көші-қонмен күрес арнайы жеке ротасының 15 қызметкерінің қатысуымен ІІД психолог мамандары «Ұжымдағы қалыптастыруға арналған» бағытындағы тренинг жаттығуларын өткізді.

Тренинг барысында қызметкерлердің кәсіби-психологиялық даярлығы және жеке құрамның кәсіби қызметін психологиялық қамтамасыз ету бойынша «Ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу», «Профайлинг», «Кикілжіңнің алдын алу жолдары», «Экстремалдық жағдайларға қарсы төтеп бере білу» тақырыпта түсіндіру жұмыстары өткізіліп, жан-жақты кеңестер берілді.

Қызметкерлер бірін-бірі бағалай білуге, жағымды қарым-қатынас орнатуға және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталу мақсатындағы тренингте қызметкерлерге «Сезін», «Сезін», «Пойми меня», «Шырмауық», «Сенім», «Кері қатынас» жаттығулары жүргізілді.

-Қызметкерлерге басшының жеке тұлғасына тән маңызды қасиеттерін, дағдылары мен біліктілігі жөнінде мағлұмат берілді. Стратегиялық ойлау, ұйымдастыру қабілеті, коммуникация, сыртқы байланыс, қарым-қатынас дағдылары, басшылық стилі, жұмыс сапасына көңіл аудару мен мадақтау, қойылған мақсаттарға қол жеткізу және т.б. осы қасиеттердің барлығы басшыға тән қасиеттер екендігі айтылды. Тренинг барысында қызметкерлер өздерінің жеке басының қасиеттерін тани білді. Бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнатып, терең танысып, бір-біріне қолдау көрсетті. Қызметкерлер треннинг соңында өздерін жеңіл сезініп, жақсы көтеріңкі көңіл күймен ұйымдастырушылыққа, қарамағындағылармен  өзіне сенім білдірген адамдарға жауапкершілікпен қарап, тренингте саналы түрде сезіне білу түйсіктерін айқындай түсті, дейді Маңғыстау облысы ІІД КЖБ инспектор-психологы полиция аға лейтенанты Ақылбек Айдарбаев.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы